Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Экологиялық кодексi
215-бап. Босалқы жердi аймақтарға бөлу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар



Ст. 215 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Босалқы жердi аймақтарға бөлу кезiнде келеңсiз өзгерiстер байқалған алаңдарды және зерттелетiн аумақтағы тозу дәрежесi әртүрлi учаскелердi бөлудiң кеңiстiктi әркелкiлiгi ескерiледi. 

2. Экологиялық жүйелердiң тозу жылдамдығы елу жылдық байқау қатары бойынша есептеледi. Экожүйелердiң тозуын бағалау жердi бағалаудың экологиялық критерийлерiне сәйкес жүргiзiледi. 

3. Босалқы жер басқа жер санатына одан әрi пайдалану мақсаттарына қарай сол орында санатына ауыстырылатын жердiң шекаралары белгiленгеннен кейiн ғана ауыстырылуы мүмкiн. Босалқы жердi басқа жер санатына ауыстыру кезiнде жер учаскесiн осындай жер санатына қойылатын экологиялық талаптарға сәйкес таңдау алдын ала жүзеге асырылады. 

4. Бұзылған жердi босалқы жер санатынан ауыстыру қалпына келтiру және жердiң сапасы мен экологиялық жағдайды жақсарту жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырғаннан кейiн мүмкiн болады. 

5. Ядролық қаруды сынау жүргiзiлген жер учаскелерi босалқы жер құрамынан ядролық қаруды сынау зардаптарын жою және кешендi экологиялық тексеру жөнiндегi барлық iс-шаралар аяқталғаннан кейiн мемлекеттiк экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындысы болған кезде ғана меншiкке немесе жер пайдалануға берiлуi мүмкiн. 

Ескерту. 215-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Статья 1 ...213 214 215 216 217 ...326 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 215-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212