Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Экологиялық кодексi
218-бап. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегі операцияларды жүргiзу үшiн экологиялық негiз

Ст. 218 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Жобалау құжаттамасына мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы және экологиялық рұқсат жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн экологиялық негiз болып табылады. 

2. Жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттік экологиялық сараптамаға барлық жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын ұсынуға міндетті, оған жоспарланатын қызметтiң қоршаған ортаға тигiзетiн әсерiне баға беру енгізілуге және ол "Қоршаған ортаны қорғау" бөлiмiн қамтуға тиіс. 

Ескерту. 218-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 271-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

РҚАО-ның ескертпесі!


219-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 27.12.2017 № 126-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

219-бап. Жер қойнауын пайдалану кезiндегi жалпы экологиялық талаптар


1. Жер қойнауын пайдалану кезiндегi жалпы экологиялық талаптар: 

1) жер қойнауын Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес пайдалану; 

2) кен орнын игерудiң арнаулы әдiстерiн қолдану есебiнен жердiң үстiңгi қабатын сақтау; 

3) жердiң техногендiк шөлейттенуiн болғызбау; 

4) барлау, өндiру кезiнде, сондай-ақ барлаумен және өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салу мен пайдалануға беру кезiнде қауiптi техногендiк процестердiң пайда болуынан сақтандыру шараларын қолдану; 

5) жер қойнауын су басудан, өрттен және кен орындарын пайдалану мен қазуды қиындататын басқа да дүлей факторлардан қорғау; 

6) жер қойнауының, әсiресе мұнайды, газды немесе өзге де заттар мен материалдарды жер астында сақтау, зиянды заттар мен қалдықтарды көму кезiнде ластануын болғызбау; 

7) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды, тоқтату, тоқтатып қою, кен орнын игеру объектiлерiн консервациялау мен жою жөнiндегi белгiленген тәртiптi сақтау; 

8) қалдықтарды жинап қою мен орналастыру кезiнде экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қамтамасыз ету; 

9) автомобиль жолдарын салу жұмыстары басталмас бұрын ұтымды схема бойынша, сондай-ақ ұңғымаларды бұрғылауда тармақты тәсiлдi қоса алғанда басқа да әдiстердi пайдалану, iшкi үйiндiлер жасау технологиясын қолдану, минералдық шикiзатты өндiру мен өңдеудiң қалдықтарын пайдалану арқылы бұзылатын және бүлiнетiн жердiң аумағын азайту; 

10) топырақтың жел эрозиясына ұшырауын, аршу жыныстары және өндiрiс қалдықтарының құлауын, олардың тотықтануы мен өздiгiнен жануын болғызбау; 

11) сiңiрме және тұщы су қабаттарының ластануын болғызбау үшiн оларды оқшаулау; 

12) жер асты суларының сарқылуын және ластануын болғызбау, оның iшiнде жуғыш сұйықтарды дайындағанда уытсыз реагенттердi қолдану; 

13) бұрғылау ерiтiндiлерiн тазалау және қайталап пайдалану; 

14) бұрғылау және жанар-жағармай материалдарының қалдықтарын экологиялық қауiпсiз тәсiлмен жою; 

15) мұнай кен орындарында қабатаралық қысымды сақтау жүйесiнде мұнай кәсiпшiлiгi сарқынды суларын тазалау және қайтадан пайдалану негiзгi экологиялық талаптар болып табылады. 

2. Заттардың сапасының нормативтерін белгілеу талап етілмейтін мынадай сарқынды суларды: 

1) жерасты сулары минералға қаныққан, ауызсу, бальнеологиялық, техникалық қажеттіліктер үшін, сондай-ақ ирригация және мал шаруашылығы мақсатында пайдаланылмайтын немесе пайдалануға болмайтын, жерасты сутұтқыш белдеулерге сарқынды суларды айдауды; 

2) қосымша ілесіп шыққан шахта және карьер суларын жинақтауыш тоғандарға және (немесе) буландырғыш тоғандарға ағызуды қоспағанда, нормативтiк көрсеткiштерге дейін тазартылмаған сарқынды суларды жер қойнауына ағызуға тыйым салынады. 

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген мемлекеттік экологиялық сараптаманың және басқа да сараптамалардың оң қорытындысын алған жобалар мен технологиялық регламенттерде көзделген пайдалы қазбамен ілесіп өндірілген суларды кері айдау, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндіру үшін жер қойнауына технологиялық ерітінділерді айдау сарқынды суларды төгу болып табылмайды. 

3. Жер қойнауын пайдаланушы: 

1) жұмыстарды жүргiзудiң халықаралық практикада қабылданған стандарттарға негiзделген неғұрлым тиiмдi әдiстерi мен технологияларын таңдауға; 

2) жер қойнауының ұтымды пайдаланылуын, қызметкерлердiң, халықтың және қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жұмыстарды жүргiзуге арналған технологиялық схемалар мен жобаларды сақтауға мiндеттi. 

Ескерту. 219-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.04.2016 № 505-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.04.2017 № 56-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

РҚАО-ның ескертпесі!


220-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 27.12.2017 № 126-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

220-бап. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiндегi экологиялық талаптар


1. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар шаруашылық қызметiнiң экологиялық жағынан қауiптi түрлерi болып табылады және мынадай талаптар сақталған кезде орындалуға тиiс: 

1) ұңғымалар мен тау-кен өндiру конструкциялары берiктiгi, технологиялылығы және экологиялық қауiпсiздiгi жағынан жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау шарттарын қамтамасыз етуге тиiс; 

2) дизельдi-генератор және дизельдi жетегi бар қондырғыларды қолдана отырып, бұрғылау және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi басқа да операциялар кезiнде атмосфераға осындай қондырғылардан тазартылмаған газдардың шығарылуы олардың техникалық сипаттамасына және экологиялық талаптарға сәйкес келуге тиiс; 

3) құнарлы жерде және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерде жер қойнауын пайдалану жөнiндегi құрылыстарды салу кезiнде жабдықтарды монтаждауға дайындық жұмыстарын жүргiзу процесiнде аумақтың құнарлылығын кейiннен қалпына келтiру үшiн құнарлы қабат алынады және жеке сақталады; 

4) уытты заттардың табиғи объектiлерге көшуiн болғызбау үшiн технологиялық алаңдарды гидрологиялық оқшаулай отырып, жер қойнауын пайдаланудың қалдықтарын ұйымдасқан түрде жинау мен сақтаудың инженерлiк жүйесi көзделуге тиiс; 

5) ұңғыма құрылысы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда салынған жағдайларда, тек қана ұрасыз технологияны қолдану қажет; 

5-1) мұнай операцияларын жүргізу кезінде күкірттің көлемін азайту және оның қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету жөніндегі шаралар көзделуге тиіс; 

6) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар кезiнде шламдарды кәдеге жарату және бұрғылау процесiнде қайтадан пайдалану, қоршаған ортаға қайтару үшiн, пайдаланылған бұрғылау ерiтiндiлерiн, бұрғылаудан, карьерлерден және шахтадан шыққан сарқынды суды бейтараптандыру жөнiндегi жұмыстар белгiленген талаптарға сәйкес жүргiзiлуге тиiс; 

7) бұрғылау ерiтiндiлерiн көмiрсутегi (әк-битум, инверт-эмульсия және басқалары) негiзiнде қолданған кезде ауаның газдануының алдын алу жөнiндегi шаралар қолданылуға тиiс; 

8) жану мүмкiндiгiн немесе адамдардың улану ықтималдығын болғызбау мақсатында пирофорлық шөгiндiлер, шлам мен керн жобаға сәйкес және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органы мен жергiлiктi атқарушы органдардың келiсiмi бойынша көмiледi; 

9) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi құрылыстарды пайдалануға беру жобада көзделген барлық экологиялық талаптар толық көлемде орындалған жағдайда жүргiзiледi; 

10) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар мен жабдықтарды бөлшектеу аяқталғаннан кейiн жобалық шешiмдерге сәйкес жер учаскесiн қалпына келтiру (рекультивациялау) жөнiндегi жұмыстар жүргiзiледi; 

11) жер қойнауын пайдаланушы бұрғылайтын, оның iшiнде өздiгiнен ағып шығатын ұңғымаларды, сондай-ақ пайдалануға жарамсыз немесе пайдаланылуы тоқтатылған ұңғымаларды реттегiш құрылғылармен жабдықтауға, консервациялауға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жоюға тиiс; 

12) қызметi жер асты суы объектiлерiнiң жай-күйiне зиянды әсер ететiн немесе зиянды әсер етуi мүмкiн жеке және заңды тұлғалар су объектiлерiнiң ластануын және тартылуын болғызбайтын шаралар қабылдауға мiндеттi; 

13) ауызсумен және шаруашылық-ауызсумен жабдықтау мақсатында пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн жерасты суы объектiлерiнiң су жинау алаңдарында қалдықтарды көмуге, қорымдар, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) және жерасты суының жай-күйiне әсер ететiн басқа да объектiлер салуға жол берiлмейдi; 

14) сiңiрме ұңғымаларды бұрғылауға қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органының осы ұңғымалар бұрғыланатын ауданда арнайы тексерулер жүргiзiлгеннен кейiн беретiн оң қорытындылары болған кезде жол берiледi; 

15) өнеркәсiптiк, емдiк минералды суларды пайдаланғаннан кейiн ағызып жiберу Қазақстан Республикасының Су кодексiне сәйкес жүргiзiлуге тиiс; 

16) ұңғымаларды тоқтатып қою және жою келiсiмшарттық аумақтар шегiнде Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады; 

17) пайдаланудан шығарылған суды сiңiрме ұңғымаларға айдау жүргiзiлетiн ауданда жақын жердегi ұңғымалардағы, бұлақтардағы, құдықтардағы судың сапасына қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органмен келiсiлген жоспар бойынша су пайдаланушылардың күшiмен жүйелi зертханалық байқаулар ұйымдастырылуға тиiс. 

2. Жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде: 

1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген жерасты су объектiлерiне шектi жол берiлетiн зиянды әсерлердiң нормативтерiн сақтауға; 

2) "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен аккредиттелген өзiнiң немесе өзге де лабораторияларға ағызылатын сулардың химиялық құрамын анықтауды қамтамасыз етуге; 

3) қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарына ластаушы заттардың авариялық ағызылғаны туралы, сондай-ақ жерасты суларын алудың белгiленген режимiнiң бұзылуы және оларға суларды ағызу (айдау) объектiсi туралы шұғыл ақпаратты беруге мiндеттi. 

3. Мыналарға: 

1) құрылыс салуға бөлiнген учаскенiң шегiнен тыс жерлерде өсiмдiктердi және топырақ жабынын зақымдауға; 

2) жер қойнауын пайдалану қалдықтарын жерүстi су объектiлерiне және жер қойнауына төгуге; 

3) егер жерасты сулары объектiлерiнiң жай-күйiне әсер етсе немесе әсер ететiн болса, жердi сарқынды сумен суландыруға; 

4) шаруашылық-ауыз суларын қамтитын қабаттарға ерiтiндiлер мен материалдарды жiберуге; 

5) өнеркәсiптiк, емдiк минералдық және жылу-энергетикалық сарқынды суларды ағызуға арналған сiңiрме ұңғымалар шаруашылық ауыз суымен жабдықтау немесе емдiк мақсаттарға жарамды немесе сол үшiн пайдаланылатын су тұтқыш жиектердi ластайтын көздер болуы мүмкiн жағдайларда оларды бұрғылауға; 

6) сумен жабдықтау көздерiн санитарлық қорғау аймақтарында сiңiрме ұңғымалар мен құдықтар орнатуға; 

7) құрамында радиоактивтi заттары бар, пайдаланудан шығарылған суды сiңiрме ұңғымалар мен құдықтарға ағызуға тыйым салынады. 

4. Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшiн пайдаланылатын, сондай-ақ ресурстарының табиғи емдiк қасиеттерi бар жерасты су объектiлерiн қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Су кодексiне сәйкес санитарлық қорғау аймақтары белгiленедi. 

Ескерту. 220-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2015 № 322-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

РҚАО-ның ескертпесі!


221-бапты алып тастау көзделген - ҚР 27.12.2017 № 126-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

221-бап. Жер асты суларын барлау және (немесе) шығару кезiндегi экологиялық талаптар


1. Жер асты суларын өндiруге арналған келiсiмшарт, сондай-ақ суды арнайы пайдалануға оған қол қойылғанға дейiн рұқсат алу қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiледi. 

2. Жер асты сулары кенiн игерудi жүзеге асыру негiзге алынатын жоба (технологиялық схема) мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткiзiлуге тиiс. 

3. Табиғат пайдаланушылар барлау және (немесе) су шығару кезiнде өз есебiнен жерасты сулары кенiн игерудiң жаңа тәсiлдерi мен технологиялық схемаларын iздестiру және қолданыстағыларды жетiлдiру жөнiндегi ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық жұмыстарды жүргiзуге, технологиялық жабдықты, үздiксiз және мерзiмдi бақылау құралдарын жетiлдiруге, жер асты суларының ұтымды пайдаланылуын және оның тартылу мен ластанудан сақталуын, жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге мiндеттi. 

4. Келiсiмшарт талаптарында және суды пайдалануға арнайы рұқсатта көзделмеген мақсатта немесе осы талаптарды бұза отырып жер асты суларының кенiн игеруге тыйым салынады. 

5. Жер асты суларының кенiн барлау мен игеру келiсiмшарт және суды арнайы пайдалануға арналған рұқсат талаптарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген нормалар мен талаптар сақталып жүзеге асырылуға тиiс. 

6. Жер асты суларына барлау және (немесе) оны шығару жұмыстарын жүргiзетiн табиғат пайдаланушылар: 

1) жер асты суларының кенiн ұтымды барлау мен игеруге, сөйтiп судың толық кешендi зерделенуiне және ұңғымаларды пайдаланудағы кемшiлiктер есебiнен судың орны толмас шығын болмауына және олардың сапалық қасиетiнiң жойылмауына қол жеткiзiлуiн; 

2) су тұтқыш жиектердiң ластану ықтималдығын болғызбауды; 

3) егер бұл жобада көзделмеген болса, әртүрлi жиектегi судың араласып кету, бiр жиектен екiншi жиекке құйылу ықтималдығын болғызбауды; 

4) жер асты суларының бақылаусыз, реттелмей шығарылуына жол берiлмеуiн, ал авариялық жағдайларда судың шығын болуын жою жөнiнде жедел шаралар қабылдануын; 

5) пайдалы құрауыштары бар жер асты суларының кешендi пайдаланылуын; 

6) атмосфералық ауаның, жердiң беткi қабатының, ормандардың, сулардың және басқа да табиғи объектiлердiң, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың жер қойнауын пайдаланумен байланысты жұмыстардың зиянды әсерiнен қорғалуын; 

7) барлау және (немесе) өндiру процесiнде жарамсыз күйге келтiрiлген жер учаскелерiнде кешендi қалпына келтiру жұмыстарының жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге тиiс. 

7. Жер қойнауын пайдаланушы гидрогеологиялық, оның iшiнде өздiгiнен ағып шығатын және барлау ұңғымаларын, сондай-ақ пайдалануға жарамсыз немесе пайдаланылуы тоқтатылған ұңғымаларды реттегiш құрылғылармен жабдықтауға, консервациялауға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жоюға тиiс. 

8. Егер жер қойнауы басқа пайдалы қазбаларды барлау және өндiру үшiн пайдаланылған кезде су тұтқыш жиектер ашылса, табиғат пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жер асты сулары объектiлерiн қорғау жөнiнде шаралар қабылдауы қажет және бұл жөнiнде қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органына хабарлауға тиiс. 

9. Жер астының ашылған су тұтқыш жиектерi олардың ластануын болғызбайтындай сенiмдi оқшаулаумен қамтамасыз етiлуге тиiс. 

10. Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау көздерi ретiнде пайдаланылуы мүмкiн су тұтқыш жиектер ашылған кезiнде бұрғылау мен цемент ерiтiндiлерiн дайындау үшiн (өңдеу үшiн) қолданылатын химиялық реагенттердiң қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органымен келiсiлген уыттылық сипаттамасы болуға тиiс. 

11. Қазақстан Республикасының Су кодексiнде және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, ауыз суға жарамды сапасы бар жер асты суларын шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға байланыссыз қажеттiлiктер үшiн пайдалануға жол берiлмейдi. 

12. Жер асты суларының су тартқыштарын оларды суды реттейтiн құрылғылармен, су өлшегiш аспаптармен жабдықтамай, сондай-ақ санитарлық қорғау аймақтарын белгiлемей және жер асты сулары объектiлерiнiң жай-күйi көрсеткiштерiн қадағалайтын бекеттер құрмай пайдалануға беруге тыйым салынады. 

13. Табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органдармен, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органымен келiсiм бойынша су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген жер асты сулары объектiлерiне зиянды әсер етудiң жол берiлетiн шектi нормативтерiн сақтауға мiндеттi. 

14. Жер асты сулары объектiлерiн пайдалануға байланысты су тартқыштарды орналастыру, жобалау, салу, пайдалануға беру және пайдалану кезiнде олардың жоғарғы қабаттағы су объектiлерi мен қоршаған ортаға зиянды әсерiн (аумақты су басуын, шөлейттенуiн, жердiң батпақтануын, топырақтың көшуi мен шөгуiн) болғызбайтын шаралар көзделуге тиiс. 

15. Табиғат пайдаланушылар жер асты суларының мемлекеттiк есебiн, оның пайдаланылуын бақылау және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында: 

1) жер асты сулары объектiлерiнен алынатын және оларға ағызып жiберiлетiн судың бастапқы есебiн қоршаған ортаны қорғау, су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың келiсiмi бойынша жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен және мерзiмде жүргiзедi; 

2) су тарту және су құю құрылыстарын су шығындарын өлшейтiн құралдармен жабдықтайды, сондай-ақ өздiгiнен ағатын ұңғымаларға реттегiш құрылғылар орнатады; 

3) жер асты сулары кен орындарының ағымдағы игерiлуiне бақылау, ұңғымалардың жұмысын жедел бақылау және кен орындарын игерудiң бекiтiлген жобасы немесе технологиялық схемаға сәйкес, технологиялық режимнiң орындалуына бақылау жасайды. Бақылаудың мерзiмдiлiгi игеру жобасында (технологиялық схемада) белгiленедi; 

4) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекітетін статистикалық әдіснамаға сәйкес жер асты суларын пайдалану туралы алғашқы статистикалық деректерді табыс етеді. 

Ескерту. 221-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV, 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...216 217 218 219 220 ...326

Перейти к статье






Добавить комментарий к 218-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212