Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 219 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.12.2018

ҚР Экологиялық кодексi
219-бап. Жер қойнауын пайдалану кезiндегi жалпы экологиялық талаптар

1. Жер қойнауын пайдалану кезiндегi жалпы экологиялық талаптар: 

1) жер қойнауын Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес пайдалану; 

2) жердің тұтастығын сақтау мақсатында, техникалық, технологиялық, экологиялық және энономикалық тұрғыдан орындылығын ескере отырып, кен орындарын әзірлеудің арнаулы әдістерін қолдану; 

3) жердiң техногендiк шөлейттенуiн болғызбау; 

4) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде қауіпті техногендік процестердің пайда болуынан сақтандыру шараларын қолдану; 

5) жер қойнауын су басудан, өрттен және кен орындарын пайдалану мен қазуды қиындататын басқа да дүлей факторлардан қорғау; 

6) жер қойнауының, әсiресе мұнайды, газды немесе өзге де заттар мен материалдарды жер астында сақтау, зиянды заттар мен қалдықтарды көму кезiнде ластануын болғызбау; 

7) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды, тоқтату, тоқтатып қою, кен орнын игеру объектiлерiн консервациялау мен жою жөнiндегi белгiленген тәртiптi сақтау; 

8) қалдықтарды жинап қою мен орналастыру кезiнде экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қамтамасыз ету; 

9) автомобиль жолдарын салу жұмыстары басталмас бұрын ұтымды схема бойынша, сондай-ақ ұңғымаларды бұрғылауда тармақты тәсiлдi қоса алғанда басқа да әдiстердi пайдалану, iшкi үйiндiлер жасау технологиясын қолдану, минералдық шикiзатты өндiру мен өңдеудiң қалдықтарын пайдалану арқылы бұзылатын және бүлiнетiн жердiң аумағын азайту; 

10) топырақтың жел эрозиясына ұшырауын, аршу жыныстары және өндiрiс қалдықтарының құлауын, олардың тотықтануы мен өздiгiнен жануын болғызбау; 

11) сiңiрме және тұщы су қабаттарының ластануын болғызбау үшiн оларды оқшаулау; 

12) жер асты суларының сарқылуын және ластануын болғызбау, оның iшiнде жуғыш сұйықтарды дайындағанда уытсыз реагенттердi қолдану; 

13) бұрғылау ерiтiндiлерiн тазалау және қайталап пайдалану; 

14) бұрғылау және жанар-жағармай материалдарының қалдықтарын экологиялық қауiпсiз тәсiлмен жою; 

15) мұнай кен орындарында қабатаралық қысымды сақтау жүйесiнде мұнай кәсiпшiлiгi сарқынды суларын тазалау және қайтадан пайдалану негiзгi экологиялық талаптар болып табылады. 

2. Заттардың сапасының нормативтерін белгілеу талап етілмейтін мынадай сарқынды суларды: 

1) жерасты сулары минералға қаныққан, ауызсу, бальнеологиялық, техникалық қажеттіліктер үшін, сондай-ақ ирригация және мал шаруашылығы мақсатында пайдаланылмайтын немесе пайдалануға болмайтын, жерасты сутұтқыш белдеулерге сарқынды суларды айдауды; 

2) қосымша ілесіп шыққан шахта және карьер суларын жинақтауыш тоғандарға және (немесе) буландырғыш тоғандарға ағызуды қоспағанда, нормативтiк көрсеткiштерге дейін тазартылмаған сарқынды суларды жер қойнауына ағызуға тыйым салынады. 

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген мемлекеттік экологиялық сараптаманың және басқа да сараптамалардың оң қорытындысын алған жобалар мен технологиялық регламенттерде көзделген пайдалы қазбамен ілесіп өндірілген суларды кері айдау, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндіру үшін жер қойнауына технологиялық ерітінділерді айдау сарқынды суларды төгу болып табылмайды. 

3. Жер қойнауын пайдаланушы: 

1) жұмыстарды жүргiзудiң халықаралық практикада қабылданған стандарттарға негiзделген неғұрлым тиiмдi әдiстерi мен технологияларын таңдауға; 

2) жұмыскерлердің, халықтың және қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн, ал көмірсутектерді барлау мен өндіруді жүргізу кезінде жер қойнауын ұтымды пайдалануды да қамтамасыз ететін жұмыстарды жүргiзуге арналған технологиялық схемалар мен жобаларды сақтауға мiндеттi. 

Ескерту. 219-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.04.2016 № 505-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.04.2017 № 56-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2017 № 126-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...217 218 219 220 221 ...326

Перейти к статье






Добавить комментарий к 219-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212