Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Экологиялық кодексi
234-бап. Басқа меншiк иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың жер учаскелерi арасында орналасқан мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн күзету, қорғау, пайдалану, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды молықтыру кезiндегi экологиялық талаптар



Ст. 234 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Басқа меншiк иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың жер учаскелерi арасында орналасқан мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн күзетудi, қорғауды, пайдалануды, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды молықтыруды жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк орман иеленушiлердiң Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде белгiленген тәртiппен бөтен жер учаскесiн шектеулi мақсатта пайдалану (сервитут) құқығы бар.

2. Табиғи өсiп шығатын ормандарды сыртқы қолайсыз әсерлерден қорғау үшiн басқа меншiк иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың жер учаскелерi арасында орналасқан мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнiң шекарасын бойлай енi жиырма метр болатын күзет аймақтары белгiленедi.

3. Күзет аймағы шегiнде мемлекеттiк орман қоры учаскесiнiң жай-күйiне керi әсер ететiн кез келген қызметке тыйым салынады.

Статья 1 ...232 233 234 235 236 ...326 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 234-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212