Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Экологиялық кодексi
235-бап. Темiр жолдарға, автомобиль жолдарына, каналдарға, магистральдық құбырларға және басқа да желiлiк құрылыстарға бөлiп берiлген белдеулердегi қорғаныштық екпелердi күзету, қорғау және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар



Ст. 235 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Темiр жолдарға, автомобиль жолдарына, каналдарға, магистральдық құбырларға және басқа да желiлiк құрылыстарға бөлiп берiлген белдеулерде орналасқан қорғаныштық екпелер осы объектiлердi қолайсыз табиғи құбылыстардан қорғауға, қоршаған ортаның ластануын болдырмауға, шудың әсерiн азайтуға арналған. 

2. Темiр жолдарға, автомобиль жолдарына, каналдарға, магистральдық құбырларға және басқа да желiлiк құрылыстарға бөлiп берiлген белдеулердегi қорғаныштық екпелерде, қорғаныштық екпелер жасау жобаларына сәйкес орманды күтiп-баптау үшiн кесуге, санитарлық кесуге, бағалылығы төмен екпелердi, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа да функцияларын жоғалта бастаған екпелердi реконструкциялауға байланысты кесуге және өзге де мақсаттарда кесуге жол берiледi. 

3. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қорғаныштық екпелердi күзетудi, қорғауды және пайдалануды, Қазақстан Республикасының Орман кодексiне сәйкес жер пайдаланушылар өздерi орналасқан жерлерде жүзеге асырады. 

35-тарау. ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСIН ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ТАЛАПТАР


Статья 1 ...233 234 235 236 237 ...326 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 235-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212