Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Экологиялық кодексi
239-бап. Өсiмдiктердi қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштар мен шаруашылық және өзге де қызметте пайдаланылатын басқа да препараттарды тасымалдау, сақтау мен қолдану, жаңа препараттар жасау кезiнде қойылатын экологиялық талаптар



Ст. 239 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Өсiмдiктердi қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштар мен шаруашылық және өзге де қызметте пайдаланылатын басқа да препараттарды тасымалдау, сақтау мен қолдану, жаңа препараттар жасау кезiнде жеке және заңды тұлғалар аталған препараттарды тасымалдау, сақтау мен қолдану ережелерiн сақтауға және жануарлардың ауыруы мен қырылуын болдырмауды қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруға мiндеттi.

2. Жаңа препараттар жасаған кезде оларды қоршаған ортада қолданудың нормативтерi әзiрленуге тиiс.

3. Жануарлардың қырылуын және олардың тiршiлiк ету ортасының нашарлауын болдырмау мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның ұсынысы бойынша пестицидтердiң (улы химикаттардың) қолданылуы шектелетiн немесе оған тыйым салынатын жекелеген аумақтарды айқындай алады.

4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен пестицидтердiң (улы химикаттардың) тiзiмiне енгiзiлген пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдануға рұқсат етiледi.

4-1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген, құрамында жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіруге және пайдалануға тыйым салынады. Осы заттардың экспорты мен импортына оларды жою мақсатында ғана рұқсат етіледі.

5. Пестицидтердi (улы химикаттарды) осы баптың 4-тармағында аталған тiзiмге енгiзуге уыттылық зерттеулер, олармен жұмыс iстеуге гигиеналық регламенттеу жүргiзiлгеннен, гигиеналық және экологиялық нормативтер белгiленгеннен және осы пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттiк тiркеу жүзеге асырылғаннан кейiн жол берiледi.

6. Пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттiк тiркеу қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.

7. Минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттарда ықтимал қауiптi химиялық және биологиялық заттар болған кезде, өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның немесе қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша уыттылық зерттеулерiн жүргiзiп, соның негiзiнде осы минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттар бойынша экологиялық нормативтер белгiленедi.

8. Мыналарға:

1) дала кемiргiштерiн құрту кезiнде, сондай-ақ жануарлардың жаппай құтыру iндетi және басқа аурулары болған жағдайларда жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша улы химикаттар қолдануды қоспағанда, жануарлар дүниесi объектiлерiн улы химикаттар қолдана отырып аулауға;

2) пестицидтердi (улы химикаттарды), минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттарды:

ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы қорық режимi аймақтарында;

өрiс аудару және көбею кезеңiнде жануарлар жаппай топтасатын жерлердегi белгi қойылған тыныштық аймақтарында, сондай-ақ жабайы жануарлардың тiршiлiк ету ортасы ретiнде ерекше құнды болып табылатын учаскелерде;

жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің белгі қойылған тіршілік ету және қолдан өсіру орындарында қолдануға;

3) ауыл шаруашылығы және басқа да алқаптарда топыраққа сіңірілмеген және жабайы жануарлардың қоректенуі мүмкін уланған тұқымдарды жер бетінде қалдыруға тыйым салынады.

9. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларының тіршілік ету орталарын пестицидтермен (улы химикаттармен) ластанудан қорғау мақсатында су шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің қазіргі бар жағалауларынан екі километр шегінде:

1) өсімдік зиянкестерімен, ауруларымен және арам шөптермен күресте авиация арқылы тозаңдату тәсілін қолдануға;

2) пестицидтер (улы химикаттар), минералдық тыңайтқыштар мен мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаларды салуға, авиахимиялық жұмыстар жүргізу үшін ұшу-қону жолақтарын, сондай-ақ жер бетіндегі аппаратураларды пестицидтермен (улы химикаттармен) толтыру алаңдарын және қой тоғытуға арналған әуіттер орнатуға тыйым салынады.

Ескерту. 239-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу трәтібін 2-б. қараңыз), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...237 238 239 240 241 ...326 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 239-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212