Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 243 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.12.2018

ҚР Экологиялық кодексi
243-бап. Жануарлар тіршілігінің пайдалы қасиеттері мен өнімдерін пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

1. Жануарлар тіршілігінің пайдалы қасиеттері мен өнімдерін пайдалануға, жануарларды алып қоймағанда және жоймағанда, олардың тіршілік ету ортасын нашарлатпағанда және жануарларға зиян келтірмегенде, жол беріледі. 

2. Жабайы жануарларды олардың тіршілігінің өнімдерін алу мақсатында пайдалануға жануарларды алып қоймағанда және жоймағанда және олардың тіршілік ету ортасын нашарлатпағанда жол беріледі. 

3. Жабайы жануарларды олардың тіршілігінің өнімдерін алу мақсатында пайдалану жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ережелер бойынша жүзеге асырылады.
Статья 1 ...241 242 243 244 245 ...326

Перейти к статье






Добавить комментарий к 243-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212