Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Экологиялық кодексi

ҚР Экологиялық кодексi
246-бап. Аңшылық және балық шаруашылығын жүргізу кезіндегі экологиялық талаптар



Ст. 246 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



Аңшылық және балық шаруашылығын жүргізу кезінде мынадай экологиялық талаптар қойылады: 

1) жануарлар дүниесі объектілерін ұтымды пайдалану, өз қызметінің нәтижесінде жануарлардың тіршілік ету ортасының экологиялық жай-күйінің нашарлауына жол бермеу, өндірістік процестерді жүзеге асырған уақытта табиғат қорғау технологияларын қолдану; 

2) жабайы жануарлардың саны мен пайдаланылуының бастапқы есебін жүргізу, олардың жай-күйін және аңшылық алқаптарының сипатын зерделеу, ол ақпаратты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға беру; 

3) жануарларды аулаудың белгіленген ережелерін, нормаларын, лимиттері мен мерзімдерін сақтау; 

4) бекітіп берілген аумақтағы жануарлар дүниесінің объектілерін, соның ішінде құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін қорғауды жүзеге асыру; 

5) жабайы жануарларды өсіруге, оның ішінде қолдан өсіруге, олардың тіршілік ету ортасын сақтауға және жақсартуға бағытталған кешенді іс-шараларды жүргізу; 

6) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген іс-шараларды жүзеге асыру; 

7) аурулардың алдын алу мен оларға қарсы күрестің кешенді іс-шараларын жүзеге асыру, жануарлар ауруларының анықталуы, олардың тіршілік ету ортасы жай-күйінің нашарлауы, жануарлардың құрып кету қаупінің туындауы және қырылу жағдайлары туралы жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарға, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарына дереу хабарлау; 

8) жануарлар дүниесі объектілерінің жай-күйі мен олардың тіршілік ету жағдайлары нашарлаған, жануарлардың көбею қабілеті төмендеген және олардың құрып кету қаупі туған жағдайда оларды пайдалануды өз бетімен тоқтату, жануарларға және олардың тіршілік ету ортасына теріс әсерді жою шараларын шұғыл қолдану. 

Ескерту. 246-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...244 245 246 247 248 ...326 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 246-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212