Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 249 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Экологиялық кодексi
249-бап. Өсімдіктер мен жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру кезіндегі экологиялық талаптар

Ескерту. 249-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2023 № 184-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін интродукциялауға, реинтродукциялауға және будандастыруға жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның биологиялық негіздеме негізіндегі рұқсаты бойынша ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсатында жол беріледі. 

Интродукция деп өсімдік түрлерін олар табиғи өсетін жер шегінен тыс жерге және жануарларды олар мекендейтін орта шегінен тыс жерге әдейі немесе кездейсоқ көшіру түсініледі. 

Өсімдіктерді интродукциялау Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

2. Будандастырылған жануарларды табиғи ортаға интродукциялауға тыйым салынады. 

3. Жеке және заңды тұлғалардың жануарлар түрлерін өз бетінше интродукциялауына, реинтродукциялауына және будандастыруына тыйым салынады. 

4. Жабайы жануарларды, сондай-ақ жабайы жануарлармен шағылысуы немесе оларға зиян келтіруі мүмкін үй жануарларын еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстайтын немесе өсіретін жеке және заңды тұлғалар мұндай жануарлардың табиғи ортаға шығуын болғызбау бойынша іс-шаралар жүргізуге міндетті. 

Ескерту. 249-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2023 № 184-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...247 248 249 250 251 ...418

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться