Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Экологиялық кодексi
251-бап. Табиғи еркін жағдайда тіршілік ететін жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін пайдалану

Ст. 251 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Егер табиғи еркін жағдайда мекендейтін жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалану жануарларды тіршілік ету ортасынан алып қоймай жүзеге асырылса, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілі бір орынға баруға және белгілі бір мерзімге шектеу енгізуге құқылы. Көрсетілген шектеулер туралы мәліметтер аудандық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, ал тиісті жерлерде ескерту қалқалары қойылады. 

2. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстауға және өсіруге мүдделі жеке және заңды тұлғалар мекендеу ортасынан алып қойылған, жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлері дара нұсқаларының санына сәйкес келетін, қолдан өсіру жолымен алынған жануарларды белгіленген мерзімдерде мекендеу ортасына жіберуге міндетті. Жануарларды жіберу жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамдарының қатысуымен акт бойынша жүзеге асырылады. 

Ескерту. 251-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...249 250 251 252 253 ...326

Перейти к статье






Добавить комментарий к 251-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212