ҚР Экологиялық кодексi
260-бап. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі халықтың су пайдаланатын жерлерінде жағалау бойы суларын қорғау
Ст. 260 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212
Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі халықтың су пайдаланатын жерлерінде жағалау бойы суларын қорғау аудандарын, нақты және перспективалық су пайдалануды ескере отырып, өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдар белгілейді. Осы ауданның теңізге қарайғы ені теңіздің соңғы он жылдағы орташа көпжылдық деңгейінен 3,9 километрден (2 мильден) кем болмауға тиіс.
2. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі халықтың су пайдаланатын жерлерінде жағалау бойы суларын қорғау аудандарының құрамында бөлінетін жағалау бойындағы құрлық белдеуі шекараны айқындау бөлігінде де, қорғау режимі бөлігінде де Каспий теңізінің су қорғау аймағына сәйкес келеді.

Добавить комментарий к 260-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212