Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Экологиялық кодексi
268-бап. Мұнай операциялары объектілерін консервациялау мен жоюға қойылатын экологиялық талаптар



Ст. 268 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Теңіздегі мұнай операциялары, барлау, оның ішінде қатты пайдалы қазбаларды, минералдық және (немесе) ауыз суды барлау объектілерін консервациялау немесе жою Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

2. Сынау аяқталғаннан кейін ұңғымалар консервацияланатын жағдайда жер қойнауын пайдаланушы оны консервациялау жөніндегі жұмысты жүргізуге, жұмыс қайта басталатын кезге дейін бұрғылау негіздерінің сақталуын және ұңғымалардың берік бекітілуін қамтамасыз етуге міндетті. 

3. Үйінді негізден (су асты бермадан немесе аралдан) бұрғыланған ұңғымаларды жою кезінде жер қойнауын пайдаланушы олардың берік бекітілуін және көмірсутегілермен және өзге де химиялық заттармен ықтимал ластанудан тазартуды алдын ала жүргізе отырып, жасанды негіздің жай-күйін бақылауды қамтамасыз етуге міндетті. Аралды (берманы) су шайып кеткен жағдайда жер қойнауын пайдаланушы негізді түбегейлі тегістегенге дейін оны қадамен немесе қалқымамен белгілеуге және кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында теңіз карталарына түсіру үшін оның координаттарын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі, ішкі су көлігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарға беруге міндетті. 

4. Кез келген үлгідегі платформадан бұрғыланған ұңғымаларды жою кезінде олардың конструкциялары толық қайта бөлшектенуге және жойылуға, ал берік бекітілген ұңғымалардың шығып тұрған шеттері балық аулауға және кемеде жүзуге кедергі келтірмеуі үшін түбінен кесіп тасталуға тиіс. 

5. Пайдаланудан шығарылған қазба үйінділері аралдарын жою туралы шешім, жою жөніндегі жұмыстардың қоршаған ортаға әсеріне жүргізілген бағалаудың негізінде қабылдануға тиіс. 

6. Су басып қалған және батып кеткен ескі ұңғымаларды консервациялау мен жою қоршаған ортаға әсерді бағалау қамтылған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптамадан, өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасынан және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін сараптамадан өткен жобалар бойынша орындалуға тиіс. Бұл ретте, міндетті түрде мұнайдың төгілуіне авариялық ден қою жоспары әзірленіп, бекітілуге тиіс. Жұмыстарды қажетті жабдықтармен, мамандармен, көліктермен және мұнайдың төгілуіне авариялық ден қою жоспарына сәйкес авариялық ахуалды болдырмау мен оларға ден қою жөніндегі өзге де құралдармен қамтамасыз етпей жүргізуге жол берілмейді. 

Ескерту. 268-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...266 267 268 269 270 ...326 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 268-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212