Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Экологиялық кодексi
271-бап. Радиоактивті материалдарды пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар



Ст. 271 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Жеке және заңды тұлғалар радиоактивті материалдарды өндірудің, сақтаудың, тасымалдаудың, пайдаланудың, кәдеге жаратудың және жоюдың белгіленген ережелерін сақтауға, радиациялық әсердің жол берілетін шекті деңгейі нормативтерінің бұзылуына жол бермеуге, қоршаған ортаның радиациялық ластануының алдын алу және оны жою жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

2. Қоршаған ортаның радиациялық ластануы байқалған жағдайда жеке және заңды тұлғалар бұл туралы атом энергиясы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органына кідіріссіз түрде хабарлауға тиіс.

3. Радиоактивті материалдарды пайдалану кезінде табиғат пайдаланушылар:

1) радиоактивті материалдарды пайдалану мерзімі ішінде оларға әсер етуі мүмкін барлық факторларды бағалауды;

2) радиоактивті материалдардың халық денсаулығына және қоршаған ортаға әсерін бағалауды;

3) азаматтарға және қоғамдық бірлестіктерге, мемлекеттік немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын ақпаратты қоспағанда, радиоактивті материалдардың сипаттамасы мен оларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттың берілуін;

4) Қазақстан Республикасының халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласындағы заңнамасына сәйкес радиациялық қауіпсіздіктің негізгі нормалары мен ережелерін ескере отырып, халық денсаулығына және қоршаған ортаға радиациялық, оның ішінде авария салдарынан болатын радиациялық әсерді шектеу шараларын;

5) радиоактивті қалдықтар түзілуінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз етуге тиіс.

Статья 1 ...269 270 271 272 273 ...326 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 271-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212