Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Экологиялық кодексi
284-бап. Иесіз қалдықтар



Ст. 284 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Меншік иесі жоқ немесе меншік иесі белгісіз қалдықтар иесіз қалдықтар болып табылады. 

2. Жер учаскелерінің меншік иелері немесе жер пайдаланушылар өз жер учаскелерінде иесіз қалдықтарды анықтаған кезде оларды пайдалануға кірісіп не қалдықтарды өз меншігіне айналдыруды куәландыратын өзге де әрекеттер жасай отырып, осы қалдықтарды өз меншігіне айналдыруға құқылы. 

Басқа иесіз қалдықтар, егер сот қалдықтарды иеленуге кіріскен тұлғаның өтініші бойынша оларды иесіз қалдық деп таныса, осы тұлғаның меншігіне түседі. 

3. Өзге жағдайларда, иесіз қалдықтарды тапқан тұлғалар бұл жөнінде тиісті жергілікті атқарушы органға хабарлауға міндетті. Аумағында иесіз қалдықтар анықталған облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы иесіз қалдықтардың бар екендігі жөнінде хабарлама алған кезден бастап бір жыл ішінде бұл қалдықтарды республикалық немесе коммуналдық меншікке түскен деп тану туралы талаппен сотқа жүгінуге міндетті. 

Иесіз қалдықтар табылған жағдайда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы қалдықтарды республикалық немесе коммуналдық меншікке түскен деп тану туралы талаппен де сотқа жүгіне алады. 

4. Жергілікті атқарушы органдар иесіз қалдықтармен жұмыс істеу және олардың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына теріс әсерін болдырмау жөніндегі іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады. 

5. Иесіз қауіпті қалдықтар сот шешімімен республикалық меншікке түседі. Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді. Мұндай қалдықтарды басқаруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы ұйым жүзеге асырады. 

6. Сот шешімі бойынша республикалық немесе коммуналдық меншікке түсті деп танылмаған иесіз қалдықтар оларды қалдырған меншік иесінің иелігіне, пайдалануына және билік етуіне қайта қабылдануы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес иелену мерзімі өткендіктен меншікке сатып алынуы мүмкін. 

7. Осы баптың ережелеріне сәйкес пайдалы құрауыштар алына отырып қайта өңделуге жататын иесіз қалдықтар мемлекеттік не жеке меншікке айналдырылғаннан кейін қалдықтар ретінде қаралмайды. 

Ескерту. 284-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.04.2016 № 506-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...282 283 284 285 285-1 ...326 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 284-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212