Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 285-1 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.12.2018

ҚР Экологиялық кодексi
285-1-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындауға қойылатын талаптар

1. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнім (тауарлар) тізбесіне сәйкес өнімді (тауарларды) Қазақстан Республикасының аумағында өндіруді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды мынадай тәсілдердің бірімен: 

РҚАО-ның ескертпесі!

1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

1) қойылатын талаптарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың меншікті жүйесін қолдануды; 

Қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың меншікті жүйесін қолдану жөніндегі талап автомобиль көлік құралдарын өндірушілерге және импорттаушыларға қолданылмайды; 

2) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторымен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болатын қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы шарт жасасуды және өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының банктік шотына қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесіне сәйкес қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы түрінде ақша енгізуді қамтамасыз етуге міндетті. 

2. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері бойынша талаптар: 

1) өндірушілерге, өндірілген майлар, полимерлік, шыны, қағаз және (немесе) картон орамалары, аккумулятор батареялары бөлігінде, оларды өндіру үшін сәйкесінше Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделген және кәдеге жаратылған пайдаланылған майлар, пластмасса, шыны, қағаз және картон қалдықтарының, пайдаланылған аккумулятор батареяларының кемінде отыз пайызы пайдаланылған жағдайда; 

2) өндірушілерге және импорттаушыларға, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, одан тыс жерлерде өткізілген өнім (тауарлар) бөлігінде; 

РҚАО-ның ескертпесі!

3) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

3) өндірушілерге және импорттаушыларға, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген полимерлік, шыны, қағаз және (немесе) картон орамалары, орауға арналған және (немесе) оның шегінен тыс жерлерде өткізілген өнім (тауарлар) оралған, аралас материалдардан жасалған орама бөлігінде; 

РҚАО-ның ескертпесі!

4) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

4) автомобиль көлігі құралдарын импорттаушыларды қоспағанда, өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімді (тауарларды) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын жеке тұлғаларға, тауарларды жеке пайдалану үшін бажсыз әкелуге арналған квота шегінде өнімді (тауарларды) импорттаған кезде қолданылмайды. 

РҚАО-ның ескертпесі!

2-тармақты 5), 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтыру көзделген - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

Ескерту. 285-1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

РҚАО-ның ескертпесі!

285-2-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

285-2-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы қызметінің бағыттары


Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы осы Кодекстің талаптарына сәйкес өндірушілерден және импорттаушылардан өзінің банктік шотына кәдеге жарату төлемі түрінде келіп түскен ақшаны: 

1) жеке және заңды тұлғаларға өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын (өндіріс қалдықтарынан алынған және (немесе) осы қалдықтар өндірістік қызмет нәтижесінде пайда болған заңды тұлғалардан немесе дара кәсіпкерлерден заңды тұлғаларға немесе дара кәсіпкерлерге берілген өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын қоспағанда), аталған қалдықтарды Қазақстан Республикасының аумағында залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату үшін берген жағдайларда, бөлек жинау және қайта өңдеу бойынша шығыстарды өтеуге; 

2) Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлігі құралдарының (4 және одан да жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың компоненттерінің өндірісін: 

оларды өндірушілерді мынадай: жұмыс орындарын күтіп-ұстау; 

энергия ресурстарын пайдалану; ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді жүзеге асыру; өнімдерді шығаруға байланысты сынақтар жүргізу; кепілдік міндеттемелерді қолдау бағыттары бойынша қаржыландыру; 

Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасында шығарылған көлік құралын сатып алуы кезінде жеке және заңды тұлғаларға өндіруші ұсынған жеңілдіктерді қаржыландыру арқылы ынталандыруға берілетін төлемақы түрінде жібереді. 

Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлігі құралдарының (4 және одан да жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың компоненттерінің өндірісін ынталандыру қағидаларында: 

қаржыландыру мерзімдері мен көлемдері көрсетіле отырып, экологиялық таза автомобиль көлігі құралдарын өндірушілер мен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы арасындағы үлгілік шарт нысаны; 

экологиялық таза автомобиль көлігі құралдарының өндірісі туралы есептіліктің нысандары және оларды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторына ұсыну мерзімдері; 

экологиялық таза автомобиль көлігі құралдарын өндірушілерге қойылатын талаптар; 

пайдаланудан шығып қалған көлік құралын кәдеге жаратуға тапсыруды растайтын, Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасында шығарылған көлік құралын сатып алуға жеңілдіктер алу құқығын көздейтін құжатты ұсынған кезде Қазақстан Республикасында шығарылған көлік құралын өткізу кезінде жеке және заңды тұлғаларға өндіруші ұсынған жеңілдіктердің мөлшерін айқындау шарттары, оның ішінде тәртібі және қаржыландыру тәртібі белгіленеді; 

3) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болатын қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыруға; 

4) Қазақстан Республикасының аумағында олар үшін залалсыздандыру, қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі объектілер жоқ, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болатын қалдықтарды және оның (олардың) орамасын Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату үшін жинауды, беруді ұйымдастыруға; 

5) қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта өңдеу, залалсыздандыру, пайдалану және (немесе) кәдеге жарату жүйесін ұйымдастыру-техникалық және ақпараттық қамтамасыз етуге, жарнама қызметін, қалдықтармен және қайталама ресурстармен жұмыс істеу саласындағы білім беру зерттеулерін, маркетингтік зерттеулерді қаржыландыруға; 

6) тұрмыстық қатты қалдықтарды әкетуді жүзеге асыратын көлік құралдарының қозғалысын спутниктік навигациялық жүйе деректері бойынша бақылайтын ақпараттық жүйені ұйымдастыруға және жүргізуге; 

7) қалдықтарды жинау, қайта өңдеу, залалсыздандыру, пайдалану және (немесе) кәдеге жарату саласындағы эксперименттік, тәжірибелік, жобалық, ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруға; 

8) қалдықтарды жинаудың және қайталама шикізат ретінде пайдаланудың жаңа технологияларын ендіруге, тұрмыстық қатты қалдықтар мен қайталама ресурстарды сұрыптау және (немесе) пайдалану бойынша зауыттар (өндірістер) салуға, қайталама ресурстарды жинауды және (немесе) пайдалануды, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауды, сұрыптауды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіруге, электрлік қуаттау станцияларының желісін құруға және дамытуға; 

9) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының өз функцияларын жүзеге асыруына байланысты қызметті қаржыландыруға; 

10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де қызметке арналған төлемақы түрінде жібереді. 

Ескерту. 285-2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...284 285 285‑1 285‑2 285‑3 ...326

Перейти к статье






Добавить комментарий к 285-1-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212