Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Экологиялық кодексi

ҚР Экологиялық кодексi
285-2-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы қызметінің бағыттары



Ст. 285-2 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы өзінің банктік шотына келіп түскен ақшаны: 

1) жеке және заңды тұлғаларға өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын (өндіріс қалдықтарынан алынған және (немесе) осы қалдықтар өндірістік қызмет нәтижесінде пайда болған заңды тұлғалардан немесе дара кәсіпкерлерден заңды тұлғаларға немесе дара кәсіпкерлерге берілген өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын қоспағанда), аталған қалдықтарды Қазақстан Республикасының аумағында залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату үшін берген жағдайларда, бөлек жинау және қайта өңдеу бойынша шығыстарды өтеуге; 

2) Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлігі құралдарының (4 және одан да жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың компоненттерінің өндірісін: 

оларды өндірушілерді мынадай: жұмыс орындарын күтіп-ұстау; 

энергия ресурстарын пайдалану; ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді жүзеге асыру; өнімдерді шығаруға байланысты сынақтар жүргізу; кепілдік міндеттемелерді қолдау бағыттары бойынша қаржыландыру; 

Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасында шығарылған көлік құралын сатып алуы кезінде жеке және заңды тұлғаларға өндіруші ұсынған жеңілдіктерді қаржыландыру арқылы ынталандыруға берілетін төлемақы түрінде жібереді. 

Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлігі құралдарының (4 және одан да жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың компоненттерінің өндірісін ынталандыру қағидаларында: 

қаржыландыру мерзімдері мен көлемдері көрсетіле отырып, экологиялық таза автомобиль көлігі құралдарын өндірушілер мен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы арасындағы үлгілік шарт нысаны; 

экологиялық таза автомобиль көлігі құралдарының өндірісі туралы есептіліктің нысандары және оларды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторына ұсыну мерзімдері; 

экологиялық таза автомобиль көлігі құралдарын өндірушілерге қойылатын талаптар; 

пайдаланудан шығып қалған көлік құралын кәдеге жаратуға тапсыруды растайтын, Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасында шығарылған көлік құралын сатып алуға жеңілдіктер алу құқығын көздейтін құжатты ұсынған кезде Қазақстан Республикасында шығарылған көлік құралын өткізу кезінде жеке және заңды тұлғаларға өндіруші ұсынған жеңілдіктердің мөлшерін айқындау шарттары, оның ішінде тәртібі және қаржыландыру тәртібі белгіленеді; 

3) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болатын қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыруға; 

4) Қазақстан Республикасының аумағында олар үшін залалсыздандыру, қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі объектілер жоқ, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болатын қалдықтарды және оның (олардың) орамасын Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату үшін жинауды, беруді ұйымдастыруға; 

5) қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта өңдеу, залалсыздандыру, пайдалану және (немесе) кәдеге жарату жүйесін ұйымдастыру-техникалық және ақпараттық қамтамасыз етуге, жарнама қызметін, қалдықтармен және қайталама ресурстармен жұмыс істеу саласындағы білім беру зерттеулерін, маркетингтік зерттеулерді қаржыландыруға; 

6) тұрмыстық қатты қалдықтарды әкетуді жүзеге асыратын көлік құралдарының қозғалысын спутниктік навигациялық жүйе деректері бойынша бақылайтын ақпараттық жүйені ұйымдастыруға және жүргізуге; 

7) қалдықтарды жинау, қайта өңдеу, залалсыздандыру, пайдалану және (немесе) кәдеге жарату саласындағы эксперименттік, тәжірибелік, жобалық, ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруға; 

8) қалдықтарды жинаудың және қайталама шикізат ретінде пайдаланудың жаңа технологияларын енгізуге, тұрмыстық қатты қалдықтар мен қайталама ресурстарды сұрыптау және (немесе) пайдалану бойынша зауыттар (өндірістер) салуға, қайталама ресурстарды жинауды және (немесе) пайдалануды, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауды, сұрыптауды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіруге; 

9) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының өз функцияларын жүзеге асыруына байланысты қызметті қаржыландыруға; 

10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де қызметке арналған төлемақы түрінде жібереді. 

Ескерту. 285-2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...285 285-1 285-2 285-3 285-4 ...326 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 285-2-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212