Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Экологиялық кодексi

ҚР Экологиялық кодексi
285-4-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының өкілеттіктері



Ст. 285-4 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212




1. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының өкілеттіктеріне: 

1) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы үлгілік шарт негізінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы өндірушілермен (импорттаушылармен) шарт жасасуы; 

2) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы шарт негізінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының банктік шотына өндірушілер (импорттаушылар) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін аударатын төлемақыны жинау; 

3) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін өндірушілердің (импорттаушылардың) төлемақыны дұрыс есептеуіне, толық және уақтылы аударуына бақылауды жүзеге асыру; 

4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің іске асырылу барысы туралы есепті ұсыну; 

5) автомобиль көлігі құралдарын өндірушілерді және импорттаушыларды қоспағанда, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімді (тауарларды) және оның (олардың) орамасын Қазақстан Республикасының аумағында өндіруді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын өндірушілердің (импорттаушылардың) тізілімін қалыптастыру, бекіту, жүргізу; 

6) автомобиль көлігі құралдарын өндірушілерді және импорттаушыларды қоспағанда, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімді (тауарларды) және оның (олардың) орамасын Қазақстан Республикасының аумағында өндіруді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын өндірушілердің (импорттаушылардың) тізілімін тіркеу және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 

7) мемлекеттік органдармен, оның ішінде Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамалары саласында өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелеріне қатысты мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау; 

8) қалдықтарды қайталама шикізат ретінде пайдаланудың жаңа технологияларын енгізу, қалдықтарды және қайталама ресурстарды сұрыптау, қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі зауыттарды (өндірістерді) салу; 

9) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес олар бойынша іс жүргізу қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған, әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекеттер анықталған кезде, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы мұндай құқық бұзушылықтар бойынша бар материалдарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға беруге міндетті; 

10) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің қағидаттарын іске асыру мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын жеке және заңды тұлғалардың қызметі туралы ақпараттан кәдеге жарату төлемін есептеу үшін деректер алуға құқылы; 

10-1) пайдаланудан шығып қалған көлік құралын кәдеге жаратуға тапсыруды растайтын, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасында шығарылған көлік құралын сатып алуға жеңілдіктер алу құқығын көздейтін құжаттарды беру; 

10-2) пайдаланудан шығып қалған көлік құралын кәдеге жаратуға тапсыруды растайтын, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасында шығарылған көлік құралын сатып алуға жеңілдіктер алу құқығын көздейтін құжаттарды беру қағидалары мен шарттарын әзірлеу және бекіту; 

11) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған өзге де өкілеттіктер жатады. 

2. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімді (тауарларды) және оның (олардың) орамасын өндірушілердің (импорттаушылардың) төлемақысын осы Кодекстің 285-2-бабына, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген, елді мекендердегі тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау тарифтері бойынша жеке және заңды тұлғалар төлейтін қаражат есебінен өзін-өзі ақтамайтын мақсаттарға жұмсалатын өндірушілердің (импорттаушылардың) төлемақы қаражатын пайдалану басымдығын қамтитын қызметін дамыту стратегиясына сәйкес жұмсауды жүргізеді. 

Ескерту. 285-4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Статья 1 ...285-2 285-3 285-4 285-5 285-6 ...326 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 285-4-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212