Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Экологиялық кодексi
285-7-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындау

Ст. 285-7 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Осы Кодекске сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындау өндірушілер (импорттаушылар) мен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы арасында өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы шарт жасасу арқылы жүзеге асырылады. 

2. Қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың меншікті жүйесі бар өндірушілер (импорттаушылар) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері бойынша міндеттемелерді орындағанын растау ретінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторына өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, қайта өңдеуді және кәдеге жаратуды растайтын құжаттарды ұсынады. 

42-тарау. ӨНДІРІС ЖӘНЕ ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ
КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР


РҚАО-ның ескертпесі!


286-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 27.12.2017 № 126-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

286-бап. Өндіріс пен тұтыну қалдықтары және олардың түрлері


1. Өндiрiс пен тұтыну қалдықтары қауiптiлiк дәрежесі бойынша қауiптi және қауiпсіз болып бөлiнедi. 

2. Осы тараудың күші: 

1) пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және қайта өңдеу кезінде түзілген, олармен жұмыс істеу Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасымен реттелетін техногендік минералдық түзілімдерге; 

2) радиоактивті қалдықтарға; 

3) беткі қабаты эффузивті және интрузивті әртүрлі жастағы шөгінді жыныстарға (аршынды жыныстарға) қолданылмайды. 

Ескерту. 286-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 271-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Статья 1 ...285‑5 285‑6 285‑7 286 287 ...326

Перейти к статье






Добавить комментарий к 285-7-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212