Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Экологиялық кодексi
288-1-бап. Қалдықтарды басқару бағдарламасы



Ст. 288-1 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Қалдықтарды басқару бағдарламасын І және ІІ санаттағы объектілері бар жеке және заңды тұлғалар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен әзірлейді.

2. Қалдықтарды кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді немесе олардың көлемін және қауіпті қасиеттерін өзге де тәсілдермен азайтуды жүзеге асыратын, сондай-ақ өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырумен байланысты қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу міндетті.

3. Қалдықтарды басқару бағдарламасында түзілген және орналастырылған қалдықтардың көлемі мен құрамы туралы, оларды сақтау, кәдеге жарату, көму, рекультивациялау немесе жою әдістері туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.

4. Қалдықтарды басқару бағдарламасында:

1) өндірістік процестерді, оның ішінде аз қалдықты технологияларды енгізу есебінен жетілдіру;

2) қалдықтарды қайтадан пайдалану не оларды пайдалануға мүдделі жеке және заңды тұлғаларға беру;

3) қолжетімді озық технологияларды пайдалана отырып қалдықтарды қайта өңдеу арқылы қалдықтардың көлемін бірте-бірте азайтуды қамтамасыз ету бойынша көлемдері мен оларды орындау мерзімдері көрсетілген шаралар көзделеді.

5. Қалдықтарды қайта өңдеу бойынша қолжетімді озық технологиялардың тізбелерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мүдделі орталық атқарушы органдардың, басқа да заңды тұлғалардың қатысуымен әзірлейді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

6. Қалдықтарды қайта өңдеу бойынша қолжетімді озық технологиялар болмаған кезде қалдықтарды басқару бағдарламасында қалдықтар орналастырылған жерді рекультивациялау жөніндегі іс-шаралар көзделуге тиіс.

7. Қалдықтар орналастырылған жерді рекультивациялаудың технологиялық мүмкіндігі болмаған кезде қалдықтарды басқару бағдарламасында олардың қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту жөніндегі іс-шаралар көзделуге тиіс.

8. Алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 Ескерту. 42-тарау 288-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...287 288 288-1 289 290 ...326 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 288-1-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212