Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Экологиялық кодексi
290-бап. Қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты қызметті жобалау кезіндегі экологиялық талаптар

Ст. 290 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.04.2018
1. Пайдалану процесінде қалдықтар құралатын объектілерді жобалау кезінде: 

1) жобалау құжаттамасының құрамдас бөлігі ретінде қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу; 

2) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында және Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасында белгіленген экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және өзге де талаптарды ескеру; 

3) қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі техникалық және технологиялық құжаттама әзірлеу қажет. 

2. Тұрғын үй ғимараттарын, сондай-ақ пайдалану процесінде қалдықтар құралатын өндірістік кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстар мен өзге де объектілерді жобалау кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы қызметі саласындағы мемлекеттік орган белгілейтін қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы ережелерге, нормативтер мен талаптарға сәйкес осындай қалдықтарды жинауға арналған орындар (алаңдар) көзделуі қажет.
Статья 1 ...288‑1 289 290 291 292 ...326

Перейти к статье






Добавить комментарий к 290-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212