Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 292-1 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 23.05.2018

ҚР Экологиялық кодексi
292-1-бап. Жекелеген қалдық түрлерімен және олардың өмірлік цикл процестерімен жұмыс істеу жөніндегі экологиялық талаптар

1. Жекелеген қалдық түрлерімен жұмыс істеу кезінде қалдықтардың меншік иелері экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың, жекелеген қалдық түрлерімен жұмыс істеу саласындағы стандарттар талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге тиіс. 

2. Қалдықтар санатына өткен мынадай материалдармен және өнімдермен: шиналармен, электрондық және электр жабдығымен, орамамен, қағазбен, пайдаланылған маймен, химиялық ток көздерімен, құрамында сынап бар қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі экологиялық талаптар Қазақстан Республикасының стандарттарында белгіленеді. Қалдықтар саласындағы стандарттардың талаптары дара кәсіпкерлердің және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті. 

Ескерту. 42-тарау 292-1-баппен толықтырылды - ҚР 28.04.2016 № 506-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...291 292 292‑1 293 293‑1 ...326

Перейти к статье






Добавить комментарий к 292-1-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212