Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Экологиялық кодексi

ҚР Экологиялық кодексi
292-бап. Коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі экологиялық талаптар



Ст. 292 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Жергілікті атқарушы органдар коммуналдық қалдықтардың қауіпті құрауыштарын бөлек жинауды, сақтауды, ұдайы әкетуді, қайта өңдеуді, кәдеге жаратуды және залалсыздандыруды, сондай-ақ елді мекеннің аумағын тазартуды көздейтін, коммуналдық қалдықтарды жинаудың ұтымды және экологиялық қауіпсіз жүйесін ұйымдастыруға жауап береді. 

2. Коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптардың сақталуын бақылауды жергілікті атқарушы органдар, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қамтамасыз етеді. 

3. Жергілікті атқарушы органдар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін коммуналдық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау, қайта пайдалану, полигондарда орналастыру жөніндегі қажетті инфрақұрылым құруды және оның жұмыс істеуін көздеуге тиіс. 

4. Коммуналдық қалдықтарды олар сақталатын және өңделетін белгіленген жерге тасымалдауды және жинауды қалдықтардың меншік иелерінің есебінен осы салада маманданған ұйымдар жүзеге асырады. 

5. Жергілікті атқарушы органдар: 

1) қайта пайдаланылатын қалдықтар фракцияларын бөлек жинауды және кәдеге жаратуды жүзеге асыруды ұйымдастыру; 

2) қалдықтарды уақытша сақтау және өңдеу орындарына тұрақты тасымалдауды және оларды полигондарға орналастыруды ұйымдастыру; 

3) органикалық қалдықтарды бөлек жинауға және оларды пайдалануға ынталандыру; 

4) құрылыс қалдықтарының тікелей құрылыс алаңдарында немесе арнаулы орында қалдықтардың басқа түрлерінен міндетті түрде бөліп алуды, сондай-ақ қоқыстарда және полигондарда құрылыс қоқыстарын басқа қалдықтармен араластыруға жол бермеуді ұйымдастыру; 

5) қалдықтардың бір түрін екінші бір түрімен немесе арнаулы қоспалармен араластыруға тыйым салуды белгілеу; 

6) коммуналдық қалдықтарды санкциясыз жағуға жол бермеу; 

7) қалдықтардың меншік иелерінің қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі өз міндеттемелерін осы қалдықтарды қайта өңдейтін объектілердің иелеріне беруі үшін жағдайлар жасау; 

8) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу туралы дәйекті ақпаратты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға уақтылы беру жүйесін ұйымдастыру арқылы коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді. 

РҚАО-ның ескертпесі!

292-бапты 5-1, 5-2, 5-3 және 5-4-тармақтармен толықтыру көзделген - ҚР 28.04.2016 № 506-V Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

6. Коммуналдық қалдықтарды көмуді, қалдықтар полигондарын жасау мен пайдалануды коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар және осы салада маманданған өзге де ұйымдар жүзеге асырады. 

Ескерту. 292-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.04.2016 № 506-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...290 291 292 292-1 293 ...326 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 292-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212