Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 293 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.12.2018

ҚР Экологиялық кодексi
293-бап. Қауіпті қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі экологиялық талаптар

1. Қызмет процесінде қауіпті қалдықтар құралатын жеке және заңды тұлғалар олардың құралуының тоқтатылуына немесе қысқартылуына және (немесе) олардың қауіптілік деңгейін төмендетуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға тиіс. 

2. Процесінде қауіпті қалдықтар құралатын жеке және заңды тұлғалардың қызметі, қауіпті қалдықтармен жұмыс істеудің қоршаған ортаға және адам денсаулығына қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде, шектеледі немесе оған тыйым салынады. 

2-1. Коммуналдық қалдықтардың қауіпті құрамдастары: электрондық және электр жабдығы, құрамында сынап бар қалдықтар, батарейкалар, аккумуляторлар және өзгедей қауіпті құрауыштар бөлек жиналуға және мамандандырылған кәсіпорындарға кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге тапсырылуға тиіс. 

3. Қауіпті қалдықтардың меншік иесі қауіптілік қасиеттерін көрсете отырып, қауіпті қалдықтардың бумасын таңбалауды қамтамасыз етуге тиіс. Мұндай қалдықтарды басқа тұлғаларға белгілі бір мерзімге берген кезде қалдықтардың меншік иесі оларды осы қалдықтардың қауіпті қасиеттері туралы және олармен жұмыс істеу кезінде сақтық шаралары туралы жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті. 

3-1. Қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру немесе жою жөніндегі операцияларды орындайтын субъектілер есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 1 наурызына дейін қалдықтарды түгендеу жөніндегі есепті қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша электрондық және қағаз жеткізгіштерде жыл сайын беруге міндетті. 

4. Қалдықтарды көму кезінде топырақ сеуіп, тығыздап жабу үшін қауіпсіз қалдықтарды қолдану жағдайларын қоспағанда, қауіпті қалдықтарды қауіпсіз қалдықтармен, сондай-ақ әртүрлі қауіпті қалдықтарды өндіру, тасымалдау және сақтау процесінде оларды өзара араластыруға тыйым салынады. 

5. Қауіпті қалдықтарды арнайы жабдықталған орындарға, оның ішінде мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы және жер қойнауын пайдалану саласындағы уәкілетті органмен келісу болған кезде шахталардың, кеніштердің және көліктік еңістердің суланбаған жерасты тау-кен қазбаларында орналастыруға рұқсат етіледі. Қауіпті қалдықтарды орналастыру үшін бөлінген аумақта қауіпті қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты емес басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыруға тыйым салынады. 

Қауіпті қалдықтар орналастырылған жер қалдықтың түрі, оның қауіптілік деңгейі және көмілген күні көрсетіле отырып, жақсы көрінетін жерде айырым белгілерімен белгіленуге жатады. 

6. Қауіпті қалдықтарды жинауды, кәдеге жаратуды, тасымалдауды және орналастыруды жүзеге асыратын кәсіпорындар төтенше және авариялық жағдайлар кезінде іс-қимылдар жоспарларын әзірлейді. 

7. Қауіпті қалдықтардың меншік иелері болып табылатын немесе 

осындай қалдықтармен жұмыс істеуді жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі "Міндетті экологиялық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті экологиялық сақтандырылуға жатады. 

Ескерту. 293-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.04.2016 № 505-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.04.2016 № 506-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

293-1 бап. Жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар қалдықтарды сақтау кезіндегі экологиялық талаптар


1. Жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар қалдықтарды сақтау пункттері жойылуы қиын органикалық ластауыштардың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерін болғызбауды қамтамасыз ететін қорғаныс құралдарымен жабдықталуға тиіс. 

2. Жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар қалдықтарды есепке алу қатаң есептілік журналында жүргізілуге тиіс. 

3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды хабардар етпей, жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар қалдықтардың меншік иесін ауыстыруға тыйым салынады. 

4. Жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар қалдықтар кадастрын жүргізу Қалдықтардың мемлекеттік кадастры шеңберінде жеке бөлім болып жүргізіледі. 

Ескерту. 42-тарау 293-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...292 292‑1 293 293‑1 294 ...326

Перейти к статье






Добавить комментарий к 293-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212