Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Экологиялық кодексi
295-бап. Қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау



Ст. 295 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау мақсаттары үшiн Қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына сәйкес қалдықтар тобы қауiптi болып есептеледі. 

2. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қалдықтарды транзиттеу Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. 

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қорытындысы негізінде жүзеге асырылады. 

3. Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясының тараптары - мемлекеттерге және өздерінің заңнамасы шеңберінде қауіпті қалдықтар импортына тыйым салған дамушы елдерге не осы қалдықтарды пайдалану экологиялық негізделген түрде жүзеге асырылмайды деп ойлауға негіз болса, сондай-ақ оңтүстік ендіктің 60 градусынан оңтүстікке қарай орналасқан аудандарға қауіпті қалдықтарды экспорттауға тыйым салынады. 

4. Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау кезінде табиғат пайдаланушылар мүдделі мемлекеттерге ұсынылатын қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға қатысты ұсынылатын тасымалдың адам денсаулығы мен қоршаған орта үшін салдарын көрсететін ақпаратты табыс етуге міндетті. 

5. Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау кезінде олар орап-буу, таңбалау және тасымалдау саласындағы жалпы қабылданған халықаралық ережелер мен нормаларға сәйкес оралып-буылуға, таңбалануға және тасымалдануға тиіс. 

Ескерту. 295-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.04.2016 № 506-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...293-1 294 295 296 297 ...326 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 295-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212