Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Экологиялық кодексi
297-1-бап. Тұтыну қалдықтарының қайталама шикізатқа өтуі

Ст. 297-1 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Тұтыну қалдықтары, нәтижесінде қалдықтар өнім өндіру процесінде шикізатты және (немесе) басқа да материалдарды ішінара немесе толық алмастыру мақсатына қызмет ететін операциялар жасалған соң қайталама шикізат мәртебесіне ие болады. 

2. Тұтыну қалдықтарын қайталама шикізатқа жатқызу өлшемшарттарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды. 

3. Қалдықтар саласындағы заңнаманың талаптары қайталама шикізатқа қолданылмайды. 

Ескерту. 42-тарау 297-1-баппен толықтырылды - ҚР 28.04.2016 № 506-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

43-тарау. ҚАЛДЫҚТАРДЫ КӨМУ ПОЛИГОНДАРЫНА ЖӘНЕ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ
САҚТАУ ҚОЙМАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР


РҚАО-ның ескертпесі!


298-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 27.12.2017 № 126-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

298-бап. Қалдықтарды сақтау және көму орындары


1. Қалдықтарды сақтау кейіннен кәдеге жарату, өңдеу немесе түпкілікті көму мақсатында әрбір қалдық түрлері үшін жобалау құжаттамасында белгіленген кезеңге арнайы жабдықталған жерлерде (алаңдарда, көмбелерде, қоймаларда) жүргізіледі. 

2. Қалдықтарды алып қою ниетінсіз оларды тұрақты орналастыратын орын қалдықтарды көму орны болып табылады. Қалдықтарды көму арнайы жабдықталған полигондарда жүргізіледі. 

3. Қалдықтарды кейіннен орнын ауыстыру ықтималдығына және (немесе) олардың қоршаған ортаға әсеріне тұрақты мониторинг жүргізу қажеттігіне байланысты тұрақты орналастыратын орын олардың ұзақ мерзімді сақтау орны болып табылады. Полигондарға белгіленген экологиялық талаптар қалдықтарды ұзақ мерзімді сақтау қоймаларына қойылады, бұл ретте оларды алып қоюдың, тасымалдаудың, кейіннен кәдеге жаратудың немесе түпкілікті көмудің техникалық мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс. 

4. Қалдықтар полигондарын орналастыру мен салу жобалары: 

1) мемлекеттік экологиялық сараптамадан; 

2) эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді салу кезінде осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық сараптамадан өткізілуге жатады. 

5. Қауіпті қалдықтарды сақтау мен көму шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түріне жатады. Қауіпті қалдықтарды сақтау мен көму орындары экологиялық қауіпті объектілер болып табылады. 

6. Қазақстан Республикасының жойылуы қиын органикалық ластауыштар туралы халықаралық шарттарында көзделген жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар қалдықтарды көмуге тыйым салынады. Мұндай қалдықтардың экспортына және импортына оларды жою мақсатында ғана рұқсат етіледі. 

Ескерту. 298-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.04.2016 № 506-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...296 297 297‑1 298 299 ...326

Перейти к статье






Добавить комментарий к 297-1-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212