Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 298 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Экологиялық кодексi
298-бап. Көміртегі офсеті

1. Көміртегі офсеті деп Қазақстан Республикасында экономиканың кез келген секторында парниктік газдардың шығарылуын қысқартуға және (немесе) парниктік газдардың сіңірілуін ұлғайтуға бағытталған қызметті немесе қызмет түрлерін жүзеге асыру нәтижесінде қол жеткізілген парниктік газдардың шығарылуын қысқарту және (немесе) парниктік газдардың сіңірілуін ұлғайту түсініледі. 

Квоталанатын қондырғының парниктік газдардың квоталанатын шығарылуын қысқарту көміртегі офсеті деп танылмайды. 

2. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген қызметті немесе қызмет түрлерін жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – жобаның өтініш берушісі) көміртегі офсетін мақұлдауды алу және офсеттік бірліктер алу мақсатында өз жобасын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қарауына ұсынуға құқылы. 

3. Офсеттік бірлік деп көміртегі офсетін есептеу мақсатында қолданылатын көміртегі бірлігі түсініледі. 

4. Көміртегі офсетін мақұлдау және офсеттік бірліктер беру қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. 

5. Көміртегі бірліктерінің саудасы жүйесінің операторы офсеттік бірліктерді көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінде жобаның өтініш берушісінің шотына беру арқылы оларды айналысқа енгізуді жүзеге асырады. 

6. Офсеттік бірліктер айналысқа енгізілу кезінде қолданылу мерзімінің шектелу жағдайларын қоспағанда, қолданылу мерзімі бойынша мерзімсіз болып табылады. 

7. Жобаның өтініш берушісінің қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен офсеттік бірліктерді сатуға құқығы бар. 

8. Квоталау субъектісі көміртегі квотасының бірліктерін өтеу көлемін алынған (сатып алынған) офсеттік бірліктер көлеміне азайтуға құқылы.
Статья 1 ...296 297 298 299 300 ...418

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться