Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Экологиялық кодексi
303-бап. Қауіпті қалдықтар полигондарына арналған жалпы талаптар



Ст. 303 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Қауіпті қалдықтарды көму полигондары орналасатын жерлерде:

1) полигон шекарасынан тұрғын үй және рекреациялық аймақтарға, су объектілеріне, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге және елді мекендерге дейінгі қашықтыққа;

2) жерасты, жерүсті суларының және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың болуына;

3) геологиялық және гидрогеологиялық жағдайларға;

4) учаскедегі су басу, ойысу, шөгу немесе сел жүру қатеріне;

5) мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін қорғауға қатысты талаптар ескерілуге тиіс.

2. Полигонның сипаттарына және метеорологиялық жағдайларға қарай:

1) полигон бойына судың кенеттен келуін бақылау;

2) қалдықтарды көму орнына жер беті және (немесе) жер асты суларының келуін болдырмау;

3) ласталған суды және сүзінді суды сарқынды сулар үшін белгіленген нормативтерге дейін жинау және өңдеу көзделуге тиіс.

3. Қоқыс газды жинау, өңдеу мен пайдалану қоршаған ортаға залалды немесе оның нашарлауын және халықтың денсаулығы үшін тәуекелді барынша азайтатын тәсілмен жүргізілуге тиіс.

4. Қалдықтарды көму полигондарының жұмыс істеу салдарларын:

1) иістер мен шаңдардың эмиссиясын;

2) жел айдап тарататын материалдарды, қосындылар мен аэрозольдарды;

3) шу мен қозғалысты;

4) құстарды, паразиттер мен жәндіктерді;

5) өрттерді барынша азайту үшін шаралар қабылдануға тиіс.

5. Қалдықтарды орналастыру полигоны ластың учаскеден қоғамдық жолдарға және жақын маңдағы аумаққа шығарылмайтындай етіп жабдықталуға тиіс.

6. Полигон учаскеге басқа тұлғалардың еркін кіруінен қорғалуға тиіс. Әрбір техникалық құралға бақылау жасау және оған қол жеткізу жүйесі құралдардың заңсыз пайдаланылуын анықтайтын және оған кедергі келтіретін шаралардың бағдарламасын қамтуға тиіс.

7. Қалдықтарды орналастыру полигондарын басқаруды полигонды пайдалануға техникалық құралдары бар және полигон қызметкерлерін кәсіби және техникалық біліммен және тренингпен қамтамасыз ететін жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.

8. Жол берілетін әсер ету деңгейі қалдықтарды көму полигоны жобасының негізінде полигон орналасқан жердегі өзіндік гидрогеологиялық жағдайларды назарға ала отырып, экологиялық рұқсатта айқындалуға тиіс.

9. Полигонға Қазақстан Республикасының Қалдықтардың мемлекеттік кадастрына енгізілген жеке тіркеу нөмірі беріледі. Полигон иесі полигонға қабылданатын қалдықтардың есебін жүргізуге арналған құжат айналымы жүйесін әзірлеуге тиіс.

10. Қалдықтарды орналастыру полигонының жобасында жабу, рекультивациялау және ол жабылғаннан кейін ластануға мониторинг пен бақылау жүргізу үшін тарату қорын құру көзделеді. Тарату қорларын қалыптастыру тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

11. Полигонның иесі жыл сайын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға орналастырылатын қалдықтардың түрлері мен саны туралы және жоспарлы бақылаудың нәтижелері туралы хабарлауға міндетті.

 Ескерту. 303-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 25.04.2016 № 505-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...301 302 303 304 305 ...326 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 303-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212