Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Экологиялық кодексi
306-бап. Полигонды (полигонның бөлігін) жабу, рекультивациялау және мониторинг рәсімдері



Ст. 306 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Қалдықтарды көму жөніндегі полигонды (полигонның бөлігін) жабуға экологиялық рұқсат алынғаннан кейін ғана жол беріледі. 

2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы мемлекеттік органның лауазымды адамдары жергілікті жерде қорытынды қарап тексеруді жүргізгеннен, полигонның (полигонның бөлігінің) иесі берген барлық ақпаратты бағалағаннан және оны полигонды жабудың мақұлданғаны туралы хабардар еткеннен кейін ғана қалдықтарды көму жөніндегі полигон (полигонның бөлігі) жабылған деп қаралуы мүмкін. Бұл ретте полигонның иесі экологиялық рұқсаттың талаптарын орындаудан босатылмайды. 

3. Полигон (полигонның бөлігі) жабылғаннан кейін полигонның иесі аумақты рекультивациялауды жүзеге асырады және 1-сыныптағы полигондар үшін - отыз жыл бойы, 2-сынып полигондары үшін – жиырма жыл бойы, 3-сынып полигондары үшін бес жыл бойы қоқыс газдың және сүзінді судың шығарындыларына мониторинг жүргізеді. Бүлінген жерлерге рекультивациялау және кейіннен мониторинг жүргізуге арналған қаражат полигонды тарату қорынан түседі. 

3-1. Полигондарды рекультивациялау полигон орналасқан аймақтың табиғи-климаттық жағдайлары ескеріле отырып, полигон бойында қалдықтарды тұрақтандыру, полигон еңістерін эррозияға қарсы қорғау және көгалдандыру жөніндегі іс-шараларды қамтиды. Полигондарды рекультивациялауға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының стандарттарында белгіленеді. Рекультивациялауға қойылатын стандарттардың талаптары дара кәсіпкерлердің және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті. 

4. Полигонның иесі жобаның шарттарына сәйкес полигонды (полигонның бір бөлігін) рекультивациялауды орындағаннан кейін және орындалған жұмыстар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қатысуымен қабылдау комиссиясының актісімен қабылданғаннан кейін полигон иесі қоршаған ортаға мониторинг жүргізуді тоқтатады. 

Ескерту. 306-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.04.2016 № 506-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

44-тарау. РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРДЫ САҚТАУ ЖӘНЕ КӨМУ
ПУНКТТЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР


Статья 1 ...304 305 306 307 308 ...326 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 306-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212