Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Экологиялық кодексi
313-бап. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды регламенттеу

Ст. 313 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды мемлекеттiк реттеу мақсатында озонды бұзатын заттарды шығарудың және тұтынудың жол берiлетiн лимиттерi (квоталары) белгiленедi. 

Озонды бұзатын заттарды тұтыну лимиттерін (квоталарын) Қазақстан Республикасының озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі халықаралық шарттарына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді. 

2. Озонды бұзатын заттарды және құрамында солар бар өнімдерді транзиттеуді қоспағанда, оларды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган беретін лицензиялар негізінде жүзеге асырылады. 

Жеке тұлғалардың озонды бұзатын заттарды жеке пайдалану үшін (коммерциялық емес мақсаттарда) алып өтуіне тыйым салынады. 

Ескерту. 313-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...311 312 313 314 314‑1 ...326

Перейти к статье






Добавить комментарий к 313-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212