Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Экологиялық кодексi
32-бап. Экологиялық таңбалау



Ст. 32 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Экологиялық таңбалаудың мiндеттерi: 

1) тұтынушыларды қоршаған ортаға қауiптi өнiмдердi сатып алудан (пайдаланудан) қорғау; 

2) өнiмдердiң барлық түрлерiн өндiру, пайдалану және жою, (кәдеге жарату, өңдеу) кезiнде қоршаған ортаның ластануын болдырмау; 

3) жабдықтардың, технологиялық процестердiң, өндiрiстердiң және өнiмдердiң экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; 

4) экологиялық қауiпсiз технологиялық процестердi, жабдықтарды және өндiрiстердi енгiзу; 

5) елге экологиялық қауiптi өнiмдер мен технологиялардың әкелiнуiн болдырмау; 

6) отандық өнiмнiң экспортталуына жәрдемдесу және бәсекеге қабiлеттiгiн арттыру болып табылады.  

2. Өндiрiлу кезiнде қоршаған ортаға, халықтың денсаулығына және биологиялық ресурстарға зиянды әсерi неғұрлым аз немесе қолайлы әсер ететiн өнiм экологиялық таңбалау объектiсi болып табылады. Экологиялық таңбалау объектiсi өнiм өндiру процесi мен қолданылатын технологияларды қамтиды. 

3. Өндiрушiлер өз өнiмiн сәйкестiгi расталғаннан кейiн экологиялық таза өнiм белгiсiмен ерiктi негiзде таңбалайды. Өнiмдi экологиялық таңбалауды тиiстi саладағы коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырады. 

4. Экологиялық таза өнiм стандарттарын, экологиялық таза өнiм белгiсiнiң нысанын және оған қойылатын техникалық талаптарды "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аккредиттелген коммерциялық емес ұйым белгiлейдi.  

Ескерту. 32-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Статья 1 ...30 31 32 33 34 ...326 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 32-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212