Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Экологиялық кодексi
34-1-бап. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы стандарттар



Ст. 34-1 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның келісімімен Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық стандарттарды және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруда, парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация жүргізуде пайдаланылатын Қазақстан Республикасы стандарттарын қолдануға рұқсат ету және тану қағидалары мен өлшемдерін әзірлейді және бекітеді. 

2. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы мемлекеттік реттеу субъектілері өз қызметінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган таныған және рұқсат еткен стандарттарды басшылыққа алады. 

Ескерту. Кодекс 34-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 08.04.2016 № 491-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДI БАҒАЛАУ


Статья 1 ...33 34 34-1 35 36 ...326 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 34-1-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212