Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 47 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.07.2018

ҚР Экологиялық кодексi
47-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптама oбъектiлерi

1. Міндетті мемлекеттiк экологиялық сараптамаға: 

1) осы Кодекстiң 37-бабында айқындалған кезеңдерге сәйкес қоршаған ортаға әсердің оған iлеспе бағалау материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер етуші межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы; 

2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

3) қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң жобалары; 

4) iске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкеп соғуы мүмкiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтiк-техникалық және нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттардың жобалары; 

5) алып тасталды - ҚР 02.07.2014 N 225-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

5-1) жоюдың тәсілі мен орны көрсетіле отырып, тауарларды, сондай-ақ тауарларды жою нәтижесінде түзілген қалдықтарды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою мүмкіндігін көздейтін, жою кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды жою мүмкіндігі туралы материалдар; 

6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын кішірейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобалары; 

7) өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi ресурстарын алу мен пайдалануға арналған биологиялық негiздемелер; 

8) алып тасталды - ҚР 27.12.2017 № 126-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);

9) осы аумақтарды экологиялық зілзала немесе төтенше экологиялық жағдай аймақтарына жатқызуды негiздейтiн аумақтарды зерттеу материалдары; 

10) шектес мемлекеттердiң қоршаған ортасына әсер етуi мүмкiн немесе оны жүзеге асыру үшiн шектес мемлекеттермен ортақ табиғи объектілерді пайдалану қажет болатын не шектес мемлекеттердiң Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған, оның ішінде "Байқоңыр" кешені бойынша мүдделерiн қозғайтын шаруашылық қызмет жобалары жатады. 

11) алып тасталды - ҚР 02.07.2014 N 225-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

1-1. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілетін жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалау құжаттары міндетті мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатпайды. 

2. Алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Осы баптың 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында аталған мемлекеттiк экологиялық сараптама объектiлерi осы Кодекстiң 40-бабында келтiрiлген объектiлердiң сыныпталуына сәйкес I, II, III, IV санаттарға бөлiнедi. 

Орталық мемлекеттік органдар әзірлейтін, іске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкеп соғуы мүмкiн Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары I санатқа жатады. 

Жергілікті мемлекеттік басқару органдары әзірлейтін Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары II санатқа жатады. 

Осы баптың 1-тармағының 6) – 10) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері I санатқа жатады. 

Осы баптың 1-тармағының 5-1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері IІІ санатқа жатады. 

Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген және осы Кодекстiң 40-бабында келтірілген объектілердің жіктеуішіне сәйкес жіктелмейтін, қоршаған ортаға әсер ететін межеленіп отырған қызметтің жобаалды және жобалау құжаттамасы IV санатқа жатады. 

Ескерту. 47-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.06.23 N 164-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 25.04.2016 № 505-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2017 № 126-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі): 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...45 46 47 48 49 ...326

Перейти к статье






Добавить комментарий к 47-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212