Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Экологиялық кодексi

ҚР Экологиялық кодексi
48-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органдар



Ст. 48 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және өз құзыретi шегiнде жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады. 

2. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы I санат объектілеріне - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган, II, III және IV санат объектілеріне - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жүргізеді. 

3. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын I санат объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді. 

4. Жаңа ғимараттар мен құрылыстарды салуға немесе бұрыннан барларын реконструкциялауға (кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға) және күрделі жөндеуге арналған жобалар (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттамасы) бойынша мемлекеттік экологиялық сараптаманы Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында айқындалатын тәртіппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. 

Көрсетілген құрылыс жобаларын қабылдау тәртібін, олардың толымдылығын, сондай-ақ мемлекеттік экологиялық сараптаманы қаржыландыру тәртібін қоса алғанда, ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында айқындалатын тәртіппен қамтамасыз етіледі. 

Ескерту. 48-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...46 47 48 49 50 ...326 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 48-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212