Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Экологиялық кодексi
5-бап. Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының негiзгi принциптерi



Ст. 5 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының негiзгi принциптерi:

1) Қазақстан Республикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету;

2) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;

3) экологиялық қатынастарды реттеу кезiндегi экожүйелi көзқарас;

4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеу және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқару;

5) қоршаған ортаны ластаудың және оған кез келген басқа түрде залал келтiрудi болдырмау жөнiнде алдын алу шараларының мiндеттiлiгi;

6) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылықтан бұлтартпау;

7) қоршаған ортаға келтiрiлген залалды өтеу мiндеттiлiгi;

8) қоршаған ортаға әсер етудiң ақылы болу және оған рұқсат алу тәртiбi;

9) табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезiнде неғұрлым экологиялық таза және ресурс үнемдеушi технологияларды қолдану;

10) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк органдар қызметiнiң өзара әрекеттестiгi, үйлесiмдiлiгi мен жариялылығы;

11) табиғат пайдаланушыларды қоршаған ортаны ластауды болдырмауға, азайтуға және оны жоюға, қалдықтарды кемiтуге ынталандыру;

11-1) өндiрiс және тұтыну қалдықтарын қайталама ресурстар ретiнде пайдаланудың басымдығы;

12) экологиялық ақпараттың қолжетiмдiлiгi;

13) табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезiнде ұлттық мүдделердi қамтамасыз ету;

14) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының халықаралық құқық принциптерiмен және нормаларымен үйлесуi;

15) жоспарланып отырған шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптiлiгi презумпциясы және оны жүзеге асыру туралы шешiмдер қабылдаған кезде қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерiн бағалау мiндеттiлiгi болып табылады.

 Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.04.2016 № 506-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...326 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 5-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212