Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Экологиялық кодексi
53-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптама сарапшысы



Ст. 53 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212




1. Арнаулы бiлiмi бар және экологиялық сараптама жүргiзуге қажеттi жеткiлiктi тәжiрибесi бар және мемлекеттiк экологиялық сараптама органы белгiлеген тәртiппен мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзуге тартылған адам мемлекеттiк экологиялық сараптама сарапшысы болып табылады. 

2. Экологиялық сараптама жасалуға тиiстi құжаттама тапсырыс берушiнiң өкiлi немесе мемлекеттiк экологиялық сараптама объектiсiн әзiрлеушi, сондай-ақ тапсырыс берушiмен немесе әзiрлеушiмен еңбек немесе өзге де шарттық қатынаста тұрған заңды және жеке тұлғалар мемлекеттiк экологиялық сараптама сарапшысы бола алмайды.  

3. Мемлекеттiк экологиялық сараптама сарапшысы өзi жасаған сараптама үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.  

4. Сарапшының мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзуге байланысты қызметiне мемлекеттiк органдардың, жеке, заңды тұлғалардың және лауазымды адамдардың араласуына тыйым салынады.  

5. Мемлекеттiк экологиялық сараптама сарапшысы құқықтарының бұзылуы сот және әкiмшiлiк тәртiппен қорғалуға тиiс, ал мұндай жолсыздықтарға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.  

6. Мемлекеттiк экологиялық сараптама сарапшысының:  

1) мемлекеттiк экологиялық сараптама объектiсін жан-жақты және объективтi бағалау үшiн маңызы бар қосымша материалдарды осы Кодекстің 50-бабында белгіленген мерзім шегінде ұсынуды талап етуге; 

2) экологиялық сараптама жүргiзуге мамандарды қосымша тартуға;  

3) сараптама жұмысын, әдiснамасын ұйымдастыруды жетiлдiру, оны жүзеге асыру тәртiбi мен принциптерi жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;  

4) мемлекеттiк экологиялық сараптама объектiсi жөнiнде, мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысына қоса тiркелетiн ерекше пiкiр қалыптастыруға құқығы бар.  

7. Мемлекеттiк экологиялық сараптама сарапшысы:  

1) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың кешендi, объективтi және сапалы жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге;  

2) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын сақтауға;  

3) қолданылып жүрген нормалар мен ережелер негiзiнде мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзуге;  

4) мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асырудың белгiленген мерзiмi мен тәртiбiн сақтауға;  

5) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың дәлелдi қорытындыларын дайындап, оларды сараптама объектiсiн iске асыру туралы шешiм қабылдайтын органдарға және тапсырысшыларға уақтылы беруге;  

6) сараптама жасалатын объектiлердi одан әрi қарауға қабылдамаған не оларды негiздейтiн материалдар пысықтауға қайтарылған кезде мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысын объективтi бағалап, дәлелдi түрде негiздеуге; 

7) материалдардың сақталуын қамтамасыз етуге және өзiнiң құпия құжаттарға қатысты әрекеттерiн олардың иесiмен келiсуге, өзiне сенiп тапсырылған мәлiметтердiң жария етiлуiне жол бермеуге мiндеттi. 

Ескерту. 53-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.04.2016 № 505-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 


Статья 1 ...51 52 53 54 55 ...326 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 53-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212