Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Экологиялық кодексi
57-2-бап. Қоғамдық тыңдаулар өткізу



Ст. 57-2 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212




1. Қоғамдық тыңдаулардың мынадай:

1) ауыл және орман шаруашылығы, тау-кен өндіру және қайта өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, көлік, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру, қалдықтармен жұмыс істеу және экономиканың басқа да салаларында, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тізбеге сәйкес шаруашылық қызметінің түрлері бойынша;

2) су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі және сумен жабдықтау көздерінің санитариялық қорғау аймақтарындағы объектілердің орналастырылуы көзделетін;

3) мемлекеттік орман қорының жерлеріндегі объектілердің орналастырылуы көзделетін;

4) мемлекеттік орман қорының жерлеріндегі орманның, оның ішінде елді мекендер шекарасының шеңберіндегі көгалдандыру екпелерінің кесілуі көзделетін;

5) табиғат пайдаланушының ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы және бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағындағы қызметі көзделетін;

6) осы Кодекстің 47-бабы 1-тармағының 1), 6), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері болып табылатын жобалар бойынша өткізілуі міндетті.

2. Жоспарланған қызметтің тапсырыс берушісі (бастамашысы) қоғамдық тыңдауларға қатысу үшін жұртшылықты хабардар ету жөніндегі іс-шараларды өткізуге шарттық негізде қоғамдық бірлестіктерді тартуға құқылы.

3. Жергілікті атқарушы органдар қоғамдық тыңдаулар өткізілгенге дейін күнтізбелік жиырма күн бұрын межеленіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау рәсіміне және интернет-ресурс арқылы, сондай-ақ хабардар етудің өзге де тәсілдерін пайдалана отырып осы қызмет бойынша шешім қабылдау процесіне қатысты экологиялық ақпаратқа ашық қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

4. Қоғамдық тыңдауларды өткізу тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

 Ескерту. 7-тарау 57-2-баппен толықтырылды - ҚР 08.04.2016 № 491-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...57 57-1 57-2 58 59 ...326 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 57-2-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212