Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 57 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Экологиялық кодексi
57-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың жариялылығы

1. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың жариялылығы және халықтың қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану мәселелері бойынша шешімдерді қабылдауға қатысуы қоғамдық тыңдаулар өткізу арқылы қамтамасыз етіледі. 

2. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезеңінде барлық мүдделі азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерге өз пікірін білдіру мүмкіндігі беріледі. 

3. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы табиғат пайдаланушы оны алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастыруы үшін табиғат пайдаланушыға жіберіледі. 

4. Жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен даулауға құқылы. 

5. Мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысы бойынша шешiм қабылданғаннан кейiн барлық мүдделi тұлғаларға осы Кодексте көзделген тәртiппен сараптама объектiсi жөнiнде ақпарат алу мүмкiндiгi берiледi. 

Ескерту. 57-бап жаңа редакцияда - ҚР 08.04.2016 № 491-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...55 56 57 57‑1 57‑2 ...326

Перейти к статье






Добавить комментарий к 57-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212