Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Экологиялық кодексi
65-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманы тiркеу тәртiбi



Ст. 65 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Қоғамдық экологиялық сараптама сараптаманы ұйымдастырушының оны жүргiзу туралы өтiнiш тiркелген жағдайда жүзеге асырылады.  

2. Қоғамдық экологиялық сараптаманы тiркеу туралы өтiнiштi оның ұйымдастырушысы аумағында сараптама объектiсiнiң қызметi жоспарланып отырған жергiлiктi атқарушы органдарға бередi. 

3. Қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргiзу туралы өтiнiште: 

1) қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының атауы, заңды мекенжайы; 

2) қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының жарғыда көзделген қызметiнiң сипаты;  

3) қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшылық комиссиясының құрамы туралы мәлiметтер;  

4) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсi туралы мәлiметтер, қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргiзу мерзiмдерi көрсетiлуге тиiс.  

4. Жергiлiктi атқарушы органдар қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзу туралы өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде оны тiркеуге немесе тiркеуден бас тартуға мiндеттi. Көрсетiлген мерзiм iшiнде қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзу туралы өтiнiштi тiркеуден бас тартылмаса, ол тiркелдi деп есептеледi.  

5. Егер:  

1) бұрын осы oбъектiге қатысты екi рет қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзiлсе;  

2) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсi мемлекеттiк, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi қамтитын болса;  

3) қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының жарғысында осы қоғамдық бiрлестiктiң қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзу жөнiндегi қызметi көзделмесе;  

4) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiнiң белгiленiп отырған мемлекеттiк экологиялық сараптамасы аяқталса, қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастыру туралы өтiнiштi тiркеуден бас тартылуы мүмкiн.  

6. Жергiлiктi атқарушы орган қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзу туралы өтiнiштi тiркеуден бас тартқан жағдайда, бұл жөнiнде қоғамдық экологиялық сараптаманың бастамашысы мен ұйымдастырушысына бас тартудың себептерiн дәлелдi түрде негiздей отырып, жазбаша хабарлайды.

Статья 1 ...63 64 65 66 67 ...326 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 65-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212