Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Экологиялық кодексi

ҚР Экологиялық кодексi
94-10-бап. Парниктік газдар шығарындыларын азайту және (немесе) сіңірулерді ұлғайту жөніндегі ішкі жобалар



Ст. 94-10 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Парниктік газдар шығарындыларын азайту және (немесе) сіңірулерді ұлғайту жөніндегі ішкі жобаларды Қазақстан Республикасының аумағында жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады. 

Бұл ретте, парниктік газдар шығарындыларын квоталау жөніндегі талаптардың қолданысына түсетін қондырғыларға қатысты парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобалар жүзеге асырыла алмайды. 

2. Парниктік газдар шығарындыларын азайту және сіңірулерді ұлғайту жөніндегі ішкі жобалар экономиканың мынадай салаларында: 

1) тау-кен өндіруде және металлургияда (шахталық метанды кәдеге жарату жобалары бөлігінде); 

2) ауыл шаруашылығында; 

3) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта; 

4) орманды және далалы аумақтарды көгалдандыруда; 

5) жердің тозуының алдын алуда; 

6) жаңартылатын энергия көздерінде; 

7) коммуналдық және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеуде; 

8) көлікте; 

9) энергия тиімді жұмсалатын құрылыста; 

10) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруда іске асырылуы мүмкін. 

3. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды қарауға және мақұлдауға, есепке алуға, есептілік пен мониторингке дайындау қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 

Ескерту. 94-10-бап жаңа редакцияда - ҚР 08.04.2016 № 491-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...94-8 94-9 94-10 94-11 94-12 ...326 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 94-10-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212