Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Экологиялық кодексi

ҚР Экологиялық кодексi
94-12-бап. Экологиялық (жасыл) инвестициялар



Ст. 94-12 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Парниктік газдар шығарындыларының жалпы көлемінің бір бөлігінен белгіленген мөлшердегі бірліктер резерві құралады, оны қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. 

2. Резерв қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы ұйымға басқаруға беріледі. 

3. Жобаларды экологиялық (жасыл) инвестициялар тетігі шеңберінде инвестициялау резервтен белгіленген мөлшердегі бірліктерді іске асырудан немесе пайдаланудан алынған қаражат көлемінде жүзеге асырылады. 

Ескерту. 94-12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-БӨЛIМ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ
10-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ТЕТIКТЕРI


Статья 1 ...94-10 94-11 94-12 95 96 ...326 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 94-12-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212