Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Экологиялық кодексi
94-6-бап. Әкімшілендіру субъектілері



Ст. 94-6 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212




1. Әкімшілендіру субъектілері мынадай: мұнай-газ, электр энергетикасы, тау-кен өндірісі, металлургия, химия, өңдеу сияқты реттелетін қызмет салаларында құрылыс материалдарын: цемент, әк, гипс және кірпіш өндіру бөлігінде парниктік газдар шығарындылары жылына көміртегі қостотығының оннан жиырма мың тоннасына дейін баламасын құрайтын қондырғы операторлары болып табылады. 

2. Осы Кодекстің 94-2, 94-4 және 94-11-баптары, осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу субъектілері жүзеге асыратын рәсімдер бөлігінде әкімшілендіру субъектілеріне қолданылмайды. 

3. Әкімшілендіру субъектілері ағымдағы жылдың бірінші сәуіріне дейінгі мерзімде Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларына сәйкес өткен жылға арналған парниктік газдарды түгендеу туралы есепті қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынады немесе Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрының жүйесінде есептің электрондық нысанын толтырады. 

Әкімшілендіру субъектілерінің парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы есептері верификациялауға жатпайды. 

4. Әкімшілендіру субъектілерінің парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруға қатысу тәртібі парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. 

5. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының қолданылу кезеңінде пайдаланылуы осы Кодекстің 94-2-бабы 1-тармағы талаптарына дөп түсетін әкімшілендіру субъектілерінің қондырғылары Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және өтеу қағидаларына сәйкес квоталауға жатады. 

6. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әкімшілендіру субъектілерінің парниктік газдар шығарындыларының көлемін бақылауды жүзеге асырады. 

Ескерту. 94-6-бап жаңа редакцияда - ҚР 08.04.2016 № 491-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

РҚАО-ның ескертпесі!

94-7-баптың қолданысы ҚР 09.01.2007 N 212 Кодексінің 324-бабы 11-тармағына сәйкес 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрады.

РҚАО-ның ескертпесі!

94-7-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 08.04.2016 № 491-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

 

Статья 1 ...94-4 94-5 94-6 94-7 94-8 ...326 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 94-6-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212