Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Экологиялық кодексi

ҚР Экологиялық кодексi
96-бап. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар



Ст. 96 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Қоршаған ортаны қорғауға және оның сапасын жақсартуға бағытталған технологиялық, техникалық, ұйымдық, әлеуметтiк және экономикалық шаралар кешенi қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар болып табылады. 

2. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларға: 

1) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған;  

2) қоршаған ортаның сапалық сипаттамаларын арттыру арқылы қоршаған орта құрауыштарының жай-күйiн жақсартатын;  

3) экологиялық жүйелердiң жай-күйiн тұрақтандыру мен жақсартуға, биологиялық әртүрлiлiктi сақтауға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға ықпал ететiн; 

4) қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына залал келтiрудiң алдын алатын және оларды болғызбайтын; 

4-1) жойылуы қиын органикалық ластауыштарды қоса алғанда, қауіпті химиялық заттарды қауіпсіз басқаруды қамтамасыз етуге бағытталған; 

5) қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты ұтымды пайдалануға және қоршаған ортаны басқарудың халықаралық стандарттарын енгiзуге бағытталған әдiстер мен технологияларды жетiлдiретiн;  

6) өндiрiстiк экологиялық бақылауды дамытатын;  

7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпараттық жүйелердi қалыптастыратын және экологиялық ақпарат беруге ықпал ететiн;  

8) экологиялық бiлiмдi насихаттауға, тұрақты даму үшiн экологиялық бiлiм мен ағарту iсiне ықпал ететiн; 

9) парниктік газдар шығарындыларының көлемін азайтуға және (немесе) парниктік газдардың сіңірілуін арттыруға бағытталған іс-шаралар жатқызылады. 

3. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларға осы баптың 2-тармағында көзделген инвестициялық экологиялық жобалар жатқызылуы мүмкiн.  

4. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралардың үлгiлiк тiзбесiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi. 

Ескерту. 96-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Статья 1 ...94-12 95 96 97 98 ...326 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 96-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212