Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 111 ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Азаматтық кодексi
111-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық құқық қатынастарына қатысуы

1. Қазақстан Республикасы азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастарға осы қатынастардың өзге қатысушыларымен тең негiздерде кiредi.  

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өздерiнiң осы органдардың мәртебесiн айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, ережелерде және өзге де құжаттарда белгiленетiн құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының атынан өз әрекеттерi арқылы мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтар мен мiндеттердi алып, оларды жүзеге асырады, сотта өкiлдiк ете алады.  

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген реттер мен тәртiп бойынша Қазақстан Республикасының арнайы тапсырмасымен оның атынан өзге де мемлекеттiк органдар, заңды тұлғалар мен азаматтар өкiлдiк ете алады.  

3. Азаматтық-құқықтық дауларды Қазақстан Республикасының қатысуымен соттар шешедi. 

Ескерту. 111-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...109 110 111 112 113 ...405

Перейти к статье






Добавить комментарий к 111-бап ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы