Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Азаматтық кодексi

ҚР Азаматтық кодексi
116-бап. Азаматтық құқық объектiлерiнiң айналым қабiлеттiлiгi



Ст. 116 ҚР Азаматтық кодексi N 269-XIII 27.12.1994 жылғы



1. Азаматтық құқық объектiлерi, егер ол айналымнан алынып тасталмаса немесе айналымға шек қойылмаса, бiр адамнан екiншi адамға әмбебап құқықты мирасқорлық (мұрагерлiк ету, заңды тұлғаны қайта құру) тәртiбiмен не өзге де әдiспен еркiн берiледi немесе ауысады.  

2. Берiлуге рұқсат етiлмейтiн мүліктің түрлерi (айналымнан алынып тасталған) заңдарда тiкелей көрсетiлуге тиiс. 

3. Айналымның белгiлi бiр қатысушысына ғана тиесiлi болуы мүмкiн не алынуына немесе берiлуiне арнайы рұқсат бойынша (айналым қабiлеттiгi шектеулi) жол берiлетiн мүліктің түрлерi заңдарда белгiленедi.  

4. Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар заң құжаттарында белгiленген реттердi қоспағанда, басқа әдiспен берiлмейдi және ауыспайды. 

Ескерту. 116-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...114 115 116 117 118 ...405 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 116-бап ҚР Азаматтық кодексi N 269-XIII 27.12.1994 жылғы