Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 136 ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Азаматтық кодексi
136-бап. Облигация

1. Облигация - шығару кезiнде айналыс мерзiмi алдын ала белгiленген, оны шығару шарттарына сәйкес облигацияны шығарған тұлғадан ол бойынша сыйақы алу және оның айналыс мерзiмiнiң аяқталуы бойынша облигацияның ақшалай немесе өзге де мүлiктiк балама түрдегi нақты құнын алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз.  

2. Облигациялар тек атаулы эмиссиялық бағалы қағаздар ретiнде шығарылады.  

3. Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, коммерциялық ұйымдар облигациялар шығаруға құқылы.  

4. Облигациялардың түрлерi және оларды шығару тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.  

Ескерту. 136-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.05.16 N 416 Заңымен; өзгеріс енгізілді - 2004.12.20. N 13(01.01.2005 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...134 135 136 137 138 ...405

Перейти к статье






Добавить комментарий к 136-бап ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы