Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 180 ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Азаматтық кодексi
180-бап. Талап қою мерзiмiнiң өтуi

1. Талап қою мерзiмiнiң өтуi адам құқық бұзушылық туралы бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен басталады. Оларды бұл ережеден айыру осы Кодекспен және өзге де заң құжаттарымен белгiленедi.  

2. Белгiленген орындау мерзiмiне байланысты мiндеттемелер бойынша талап қою мерзiмiнiң өтуi орындалу мерзiмi аяқталғаннан кейiн басталады.  

3. Орындалу мерзiмi белгiленбеген не талап ету кезiмен белгiленген мiндеттемелер бойынша талап қою мерзiмiнiң өтуi мiндеттеменi орындау туралы талап қойылған кезден басталады, ал егер борышқорға сондай талаптарды орындау үшiн жеңiлдiк мерзiмi берiлсе, талап мерзiмiн есептеу аталған мерзiм аяқталғаннан кейiн басталады (осы Кодекстiң 277-бабының 2-тармағы).  

4. Регрестiк мiндеттемелер бойынша талап мерзiмiнiң өтуi негiзгi мiндеттеменi орындау кезiнен басталады.

Статья 1 ...178 179 180 181 182 ...405

Перейти к статье






Добавить комментарий к 180-бап ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы