Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 198 ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Азаматтық кодексi
198-бап. Шаруашылық жүргiзу құқығына ие болу және тоқтату

1. Мүлiктi құрылып үлгiрген мемлекеттiк кәсiпорынға бекiту туралы меншiк иесi шешiм қабылдаған мүлiкке қатысты шаруашылық жүргiзу құқығы, егер заңдарда немесе меншiк иесiнiң шешiмiнде өзгеше белгiленбесе, бұл кәсiпорында мүлiктi кәсiпорынның дербес балансына бекiткен кезде пайда болады.  

2. Шаруашылық жүргiзудегi мүлiктi пайдаланудың жемiстерi, өнiмi мен кiрiсi, сондай-ақ кәсiпорын шарттар немесе өзге де негiздер бойынша алған мүлiк меншiк құқығын алуға арналған заңдарда белгiленген тәртiп бойынша кәсiпорынның шаруашылық жүргiзуiне келiп түседi.  

3. Мүлiкке шаруашылық жүргiзу құқығы меншiк құқығын тоқтатуға арналған заңдарда көзделген негiздер мен тәртiп бойынша, сондай-ақ меншiк иесiнiң шешiмiмен кәсiпорыннан мүлiк заңды жолмен қайтарып алынған реттерде тоқтатылады.
Статья 1 ...196 197 198 199 200 ...405

Перейти к статье






Добавить комментарий к 198-бап ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы