Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 221 ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Азаматтық кодексi
221-бап. Бiрлескен меншiктегi мүлiктi бөлу және одан үлестi бөлiп шығару

1. Ортақ меншiктi бiрлескен меншiкке қатысушылар арасында бөлу, сондай-ақ олардың бiреуiнiң үлесiн бөлiп шығару қатысушылардың әрқайсысының ортақ мүлiкке құқығындағы үлесi алдын ала анықталған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.  

2. Ортақ мүлiктi бөлу және одан үлестi бөлiп шығару кезiнде, егер заң актiлерiмен немесе қатысушылардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, олардың үлестерi тең деп танылады.  

3. Ортақ мүлiктi бөлу және одан үлестi бөлiп шығару негiздерi мен тәртiбi осы Кодекстiң 218-бабының ережелерiмен белгiленедi, өйткенi ол осы Кодекспен, басқа да заң құжаттарымен бiрлескен меншiктiң жекелеген түрлерi үшiн өзгеше белгiленбеген және бiрлескен меншiкке қатысушылар қатынастарының мәнiнен туындамайды.  

Ескерту. 221-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен.
 

Статья 1 ...219 220 221 222 223 ...405

Перейти к статье






Добавить комментарий к 221-бап ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы