Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Азаматтық кодексi
225-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының мүлкiн бөлу



Ст. 225 ҚР Азаматтық кодексi N 269-XIII 27.12.1994 жылғы




1. Барлық мүшелерiнiң шығып кетуiне байланысты немесе өзге де негiздер бойынша немесе фермер қожалығы тоқтатылған жағдайда ортақ мүлiк осы Кодекстiң 218 және 221-баптарында көзделген ережелер бойынша бөлiнуге тиiс. 

2. Шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң бiрi одан шыққан кезде, шаруашылықтың өндiрiс құрал-жабдықтары бөлiнуге жатпайды. Қожалықтан шыққан адамның бұл мүлiкке ортақ меншiктегi өз үлесiне сәйкес ақшалай өтем алуға құқығы бар.  

3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген реттерде бiрлескен меншiк құқығындағы шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң, егер олардың арасындағы келiсiмде өзгеше көзделмесе, қожалық мүлкiне үлестерi тең деп танылады.  

Ескерту. 225-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 225 Заңымен.
 


Статья 1 ...223 224 225 226 227 ...405 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 225-бап ҚР Азаматтық кодексi N 269-XIII 27.12.1994 жылғы