Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Азаматтық кодексi
228-бап. Жай серiктестiк

Ст. 228 ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Жай серiктестiк бiрлескен қызмет туралы шарт негiзiнде құрылады.  

Бiрлескен қызмет туралы шарт (жай серiктестiк шарты) бойынша тараптар табыс табу немесе заңға қайшы келмейтiн өзге де мақсатқа қол жеткiзу үшiн бiрлесiп әрекет жасауға мiндеттенедi.  

Жай серiктестiк заңды тұлға болмайды.  

2. Бiрлескен қызмет туралы шарт (жай серiктестiк шарты) азаматтардың, азаматтар мен заңды тұлғалардың арасында, заңды тұлғалар арасында жасалады (консорциум).  

3. Жай серiктестiк қатысушыларының бiрлескен қызметi туралы шартқа байланысты мiндеттемелерi, егер бiрлескен қызмет туралы шартта өзгеше көзделмесе, үшiншi жақтар алдында ортақ болып табылады.  

Ескерту. 228-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен.

Статья 1 ...226 227 228 229 230 ...405

Перейти к статье






Добавить комментарий к 228-бап ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы